Экономикалық өрлеу
Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздегі нарықтық қатынастарының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асыру жән оны күшейту, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету. Бұл реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады. Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау. Транзит операциялары – жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты, материалдарды , отынды және басқа материалдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар. Транзиттік тауар айналымы-көтерме сауда айналымының бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады. Нарықты мемлекеттік реттеу- нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика- нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,тұтыну, бөлу, оны бағдарламау және реттеу саласын біріктіретін экономика.[2, 217 б.] Экономикалық реттеу екі нысанда -өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Экномиканы мемлекеттік реттеу қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында :” Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік,тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда , 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та,бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол. Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қолжеткіздік, ал былайғы дүниеде ол 1.3 еседен аз болды,” –деген. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды. Қазір Ұлттық қор 5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын- валюта резервтері, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. [1,9 б.] Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер , Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Сонымен әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына енбей қоймайтынымызға анық көз жетті. Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады. Мемлекеттік реттеу- бұл экономикада жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы. Нарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады.Бұлардың ең бастылары:
Сонымен, экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп тұрмыз. Скачать |