Инфляцияға қарсы саясат


1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары

 

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.

Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.

Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.

Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды.

 Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірічінің көлемі ұқсас емес бағыты жылжып отырады.

Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляцияның шапшаңдауы теориясы бойынша, жылдан жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап тұруға мүмкіндік береді.




Скачать