Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері


Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .

Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;

Айналысқа ақшаның артық шығуы

Қолайсыз төлем балансы

Үкіметке сенімнің жоғалуы

Инфляцияның көріну нысандары;

Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;

Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;

Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.

Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:

-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.

-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде

-әсіре –баға жүздеген пайызға өскенде

Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:

Инфляция еңбек ету ынтасын азайтады,

Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын күшейтеді

Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады,олар натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай жылжиды.

Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару эканомикалық және ақша-несие саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.

Солардың ішінде өндірістік стабилизация мен стимуляциясы, салық жүйесінің қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.

Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық процестер өсу темпімен өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.

Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен: «Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».

2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды.Бұл тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер етпей қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8,4 пайызды құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған.




Скачать