Сұраныс аспектілері


Сұраныс – бұл тәуелділік

Баршамыз да "сұраныс" туралы ойша пікір түйеміз: бұл белгілі бір игіліктерге деген қажеттілік. Экономикалық теорияда әдетте "төлем қабілетті" сұранымды сатып алушылардың төлей алатын ақша қаражатының көлеміне ие сұранымды айтады.

Алайда, мұндай түсінік экономистер сұраныс деп түсінетіннен қөрінетін бөлігін ғана құрайды. Қатаң экономикалық мәнінде сұраным тауарды сатып алудың мүмкін көлемі мен осы сатып алуға кететін шығын көлемі тәуелділігін сипаттайды. Бұл тәуелділікті мынадай формула түрінде көрсетуге болады:

 

Д - сұраным көлемі; р - баға. ;

Сұраныс 

Тауарларды сатып алудың мүмкін көлемі - оны сатып алуға кететін шығын көлемі ... Отандық экономикалық теория мен тәжірибе үшін бұл -экономика тиімділігінің жаңа формуласы, себебі, нарық болмаған жағдайда, оны басқаша, мына сипатта қолданды:

 

Бірақ - бұл өнім өндіруші тұрғыныснан қарағандағы экономика тиімділімнің формуласы. Бұл формулада тұтынушы толық ескерілмей қалады, олай болатыны мұнда тиімділік өлшемі өндірістің ғана шеңберінде тұйықталып қалған. Ал, сатып алу, яғни алғанда сатып алушының шығындар мөлшері мен сапасы жағынан өнім өндірушінің шығындарынан бөлекше болып келеді.

Кешегі Кеңес экономикасы тұтынушы емес, дәл осы енім өндірушіге бағдарланғаны, тарихта бұрың болып көрмеген "шығындық" экономика жасағаны құпия емес. Осыдан да отандық саяси экономия сөз жүзінде экономиканың төрт сатылы құрылымын ("өндіріс" - "бөлу" - "айырбас" -"тұтыну") мойындап, ал іс жүзінде өндірістік процестерді талдаумен шектелді, айырбас тіпті тұтынудағы айырбас туралы "үн шығаруды" артық санады. Осыған қарамастан экономикалық тиімділіктің жалпы формуласы ("нәтиженің" және "шығындардың" ара қатынасы) экономика салаларына тәуелді түрде өзгеріп отырады. (5 тақырыпқа арналған сызбаны қараңыз).

Бұл формулаға ортақ нәрсе: "бөлгіш" (қорытынды) қаншалықты аз болса тиімділік те, өндіріс те, тұтыну да соншалықты жоғары болмақ.

Экономика тиімділігінің өсуі өндірілген өнімнің саны сатып алған тауарлардың санымен, ал өнім өндіруге кететін шығындар көлемі - тауар сатып алуға жұмсалатын шығындар көлемімен дәл келетін беталыспен (тенденция) сипатталынады. Сөз бұл жерде жалпы экономикалық сипаттағы  "беталыс"     туралы     ғана     екені     түсінікті.

Шындығында да коғамдық өндірістін әрбір жаңа сатысы осы екі формуланың - алымы да (және "бөлгіш" де) барынша көп сәйкес келуін білдіреді. Бірақ, тәжірибеде өндірілген өнімнің саны әрқашанда сатып алынған тауарлардың санынан асып түсетін болады, себебі, кез келген тауар өндірілген өнім болып табылады, бірақ, кез келген өнім өндіруге кеткен шығын көлемі әрқашан да тауарды сатып алуға кеткен шығындар көлемінен асып отыратын болады.

Осыдан да өндірісті де, тұтынуды да келістіріп, біріктіретін экономикалық тиімділіктің нарық жағдайындағы формуласы қоғам жұмсаған барынша шығындардың ең аз нәтижелерге қатынасы болып табылады. Нарықтық экономикада "ең аз нәтиже" - бұл сатып алынған тауарлар саны, ал, "барынша шығындар" - бұл өнім өндіруге кеткен шығындар көлемі осыдан да.

 

 

Қаралып отырылған категориялардың барлығы -тиімділік те, сұраным да, әлдеқандай бөлектелінген, дербес қөлемдер емес - тәуелділіктер, байланыстар, қарым-қатынастар екенділігінін ұғыну маңызды. Осының өзі экономика ғылымына математикалық аппаратты кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Сұраныс деп   тұтынушылардың   белгілі   бір   өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. "Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты   көрсетеді.   Олардың   бірнеше   баламалы   мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.




Скачать