Валюталық нарығы


Валюталық нарықты екi мағынада түсiнуге болады. Бiрiншiден, валюталық нарық - шетел валюталары мен валюталық құндылықтарды сату және сатып алу барысында туындайтын экономикалық қатынастарды бiлдiрсе екiншiден, сұраныс пен ұсыным бойынша шетел валюталарының сауда-саттығы жасалатын арнайы жүйенi бiлдiредi. Валюталық нарық халықаралық есеп айырысудың уақтылы жүргiзiлуiн және валюталық қаражаттардың тиiмдi жұмсалуын қамтамасыз ете отырып, валюталық курсты анықтауға сондай-ақ валюталық нарықтағы жағдайға қарай валюталық саясаттың басты бағыттары мен формаларын айқындауға жағдай жасайды Кәсiпорындар валюталық нарыққа импорт бойынша есеп айырысуға қажеттi валюталар сатып алу үшiн және экспорт бойынша шетел валюталарымен түскен түсiмдерiн сату немесе айырбастау үшiн қатысады.

Валюта нарығындағы сауда-саттық жергiлiктi уақытпен таңертеңгi сағат 9-да басталады. Оған дайiн валюталық дилер электрондық информациялық жүйе арқылы өзге нарықтардағы курстардың өзгерiсi жөнiнде анықтап тiркейдi. Уақыт айырмашылығымен байланысты Европа нарығында ендi жұмыс басталса, америка валюта нарығы жабық болып, азия нарығы ендi жұмысын аяқтап жатады. Валюталық информациялық таблода /экран агентства Рейтер/ АҚШ долларының өзге валюталарға қатысты спот-курсы, алтын мен күмiстiң бағасы көрсетiледi және олар үнемi өзгерiп отырады. (1-кесте)

Нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы Қазақстанда валюта нарығының қалыптасуына ықпал еттi. 1992 жылы маусым айында Қазақстанда банкаралық валюталық биржа (AFІNEX) ашылды. Ол Қазақстанда валюталық қатынастарды ұйымдастыруға және дамытуға жағдай жасады. Онда валюталарды сату және сатып алу сұраныс пен ұсыныстың негiзiнде атқарылады.

1995 жылы Қазақстан Алматы қаласында ашылған дилинг-орталық компаниясы арқылы халықаралық валюталық нарыққа (FOREX) шығу мүмкiндiгiне ие болды. 1996 жылы желтоқсанда “Валюталық реттеу туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы аумағында валюталық операцияларды жүргiзудiң принциптерi мен тәртiбi, валюталық операцияларды жүргiзетiн субьектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi, валюталық заңдарды бұзғавны үшiн жауапкершiлiктерi белгiлендi. Валюталық қатынастарды терең түсiну үшiн оған қатысты жекелеген элементтердiң мәнiн, мағынасын бiлу қажет.

Всего 9 страниц.




Скачать