Басқарушылық есеп бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде


Мазмұны

 

 Кіріспе ---------------------------------------------------------------------4

 

1. Қорларды жіктеу және бағалау --------------------------------6

1.1  Қорлар жайлы түсінік -------------------------------------------6

1.2 Қорлардың жіктелуі ----------------------------------------------8

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ----13

1.4 Қорларды бағалау әдістері ------------------------------------18

 

2. Қорлардың есебі ---------------------------------------------------21

2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -----------------------------------------21

2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі -------------- 27

2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі -----------------30

2.4 Материалдық қорларды түгендеу ---------------------------33

 

3. Есептеу бөлімі.Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау ----38

 

Қорытынды --------------------------------------------------------------47

Пайдаланылған әдебиеттер ------------ ---------------------------49

Қосымшалар ------------------------------------------------------------50

 

                                           Кіріспе

         Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда  өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

          Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.

          ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық  жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.

          Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.

          Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.

          Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар  бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.

          Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.




Скачать