Қаржылық инвестиция есебі


 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын,  ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып,  қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.

     Қаржылық инвестиция ­– ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.                                                                     

     Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

     Қаржылық инвистициялардын есебі  ХҚЕС сәйкес №32  <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>,және №2  ҰҚЕС стандартында қарастырылған.

   Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған.




Скачать