Банктік карточкалар


 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының  төлем системасының ұйымдастырылуы  жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы  есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен  оның қозғалысын реттеуге  және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады.  Төлем құралдары ішінен артынан шыққан банктік карточкалар қазіргі таңда кең өріс алуда. Төлем карточкалардың  көптен қолдануы  «көлеңкелі» экономика көлемінің азаюына және ақша айналымыныңбір бөлігінің легалдандыруына ықпал етуі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы Ануар Сайденов айтқан болатын. Банктік карточкаларды қолданудың ыңғайлығы мен оның мүмкіндіктері , оны жетілдіріп дамуына  және басқа төлем құралдарынан озып кетуіне ықтимал. Осы мақсаттарда  клиенттерге  осы төлем нысаны  бойынша  қызметтер  кеңейте түседі.  Ал  бәсекелестікті қолдау үшін  жүргізілетін есеп айырысу операциялары бойынша  тарифтер төмендетіліп, түрлі жеңілдіктер  жасалып отыр. Бұл  банктік  карточкалардың   төлем  системасында  нығая түсуіне ықпалын тигізеді.

Келтірілген жағдайлар таңдалған тақырыптың  өзектілігін айқындайды, өйткені банктердің  төлем  системасындағы  банктік карточкаларды  жетілдіру айырықша  маңызды болып отыр.

       Курстық  жұмыстың  мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін  және оны қолданудың  проблемаларын зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа қол   жеткізу үшін  жұмыста  бір қатар  міндеттер  белгіленеді:

1.  Коммерциялық  банктердің  банктік карточкаларына   жалпы  теориялық   сипаттама  беру;

2.   Банктік карточкалармен  есеп айырысу есебіне  талдау жүргізу.

3. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлерін  жетілдіру.

Зерттеу  тақырыбы– Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйыдастырылу процесіне  банктік карточкалардың  алатын орнын айқындау. Зерттеу  объектісі – Қазақстан  Республикасының  екінші деңгейдегі банктері.

Курстық  жұмыстың  құрылымы  кіріспеден,  бес  бөлімі  бар  үш  тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланылған әдебиет  тізімінен  және   қосымшалардан  тұрады.




Скачать