Монополияның мәнi


 

  «Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де.  Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

-      табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;

-      монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;

-      мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;

-      сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.

Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы”заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.

 

Монополияныңмәнi, түсiнiгi және оныңтүрлерi.

Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда.

Буржуазиялыққоғам екi сатылы шаруашылық:

а)Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ– ХlХ ғасырлар арасы.

б)Монополистiк капитализмi, бұл ХХ ғасырдыңбасынан осы уақыт iшiнде.

Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.

Жай, қарапайым кооперациялықшаруашылық.Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiңбақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамныңшамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.

Мануфактуралықшаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІғасырдыңортасынан ХҮІІІғасырдыңекiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақмұнда заттың, өнiмнiңэлементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiңтек бiр ғана бөлшегiн жасайды(мәшиненiңтек дөңгелектерiн,моторын, тағыбасқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардыңтиiмдiлiгiн жоғарлатады.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІғасырдыңсоңында, ХlХ ғасырдыңортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соныңнәтижесiнде қолөнерлiк техниканыңжәне қол еңбектiңорнына әр түрлi мәшинелер келедi.

Кәсiпорындарда ендi. қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамныңбақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс- техникалық төңкерiстiңнегiзi болды. ХlХ ғасырдыңсоңында, ХХ ғасырдыңбасында электротехникада (будыңорнына электрқуаты), м¸шине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялықөнерк¸сiпте төңкерiс болды.

Сонымен, ХIХ ғасырдыңаяғында ХХғасырдыңбасында буржуазиялыққоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардыңназарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардыңбiрi В.И.Лениннiң«Империализм –капитализмнiңжоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге(империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалықталдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.

Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.

Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта  үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе  бастады,  дерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады,өйткенi  iрi кәсiпорындары өнiм ондiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны  сататын тек бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал  өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәскелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi,мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.




Скачать