Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кедендік алымдар


 

Кеденнiң аса  бiр маңызды  мiндетi- кедендiк  алым - салық  жинау.  Мекеменiң  экономикалық  бағытын  анықтайтын  ерекше  мiндетi  болғандықтан  сондай-ақ,,  бюджетке  кiретiн  табыстың  едәуiр  бөлiгi  алым - салықтан  түседi. Кемелiне  жеткен  елдерде  оның  мөлшерi  20-25%, ал  жаңа  өркендей  бастаған  елдерде  80%-ке  дейiн  барады.

           Бiздiң  кеден  саясатымыз  Қазақстан  Республикасының  "Кедендiк  тарих  және  алым - салық"  Заңына,  сыртқы  экономикалық  қарым - қатынас  мәселесiне  арналған  Республика  Президентiнiң  жарлығы  мен  үкiмет  шешiмдерi  мен  негiзделген.  Ал  сапасыз импортқа  келетiн  болсақ  оған  тосқауыл  жасауға  кеденнiң  шамасы  жетедi,  мәселен  бiз  шетел  арағына  жанама  және  шекара  салығын  өсiрдiк те  тұтынушылар  мен  арақ-шарап  өнiмдерiн    шығаратын  кәсiпорындарының  мүддесiн  қорғап  отырмыз.

Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң  тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.

 Кедендiк төлемдердi есептеу тәртiбiнде,  кедендiк төлемдердi төлеушiлер дербес есептейдi және кеден iсi саласында құқық бұзушылық анықталғын жағдайда, төленуге тиiстi кедендiк төлемдердi есептеудi кеден органы жүргiзедi немесе өзгеде  заң актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де жүргiзедi. Кедендiк төлемдердi  есептеу  үшін  кеден органы  кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданылатын ставкаларды пайдаланады,ал кедендiк баждарды есептеу   Қазақстан Республикасының  кедендiк тарифiне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетiн ставкалар бойынша қолданылады. Кедендiк төлемдердi соның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын  айқындау мақсаттары үшін шет ел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге немесе төленуi тауарлардың кедендiк ресiмделуiне байланысты емес, кедендiк төлемдер үшін төлем күнiне заңдарға сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады.




Скачать