Несиенің мәні, функциялары және түрлері
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек: Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді; Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады. Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді. Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Скачать |