Мүлік салығындағы жеңілдіктер


 

Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды  қатардағы еңбек  адамынан  бастап салықшылардың  өздерiне дейiн қағидаға  айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.

         Нарықтыққатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.

         Мемлекет салықтарды пайдалана  отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге  активтi тұрде қатыса алады.  Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге  мүмкiндiк бередi, соның iшiнде  өзiнiң өмiр сүру  денгейiн  минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына  материалды көмек көрсету  мүмкiндiгi бар.

         Кез келген мемлекет  өзiнiң қаржылық базасы болғанда  ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң  аппаратын  ұстауға және  өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды  жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана  өмiр сүредi.

Салық- мемлекеттiң бекiтуi. Қазақстан Республикасында  салықты төлеу мiндеттемелерi, азаматтардың  Конституциялық мiндеттемелерiнiң  қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет  саяси ѕкiмет саяси субъект өкiлдiгiне  сүйене отырып әрекет етедi.

Мемлекет ақшалай қаржыларды  түрлi жолдармен табады: бiр жағдайда мемлекет  зайымдар iшкi  және сыртқы  ретiнде меншiк иесiнiң  қаражаты өз еркiмен беруге негiзделетiн  әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда  ақшалай қаражаттар  ерiксiз өндiрiп алу жолымен  алынады.

Салықтар- мемлекеттiк бюджетке  заңды және жеке  тұлғалардан  белгiлi  бiр мөлшерде  мiндеттi  төлемдер.

Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының  қалыптасуындағы  қаржылық қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi.  Сонымен қатар, шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер  мен халық табысының  белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынастарын  көрсетедi.

Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiң  тiршiлiк етiп дамуының  негiзi болып табылады.

Өркениеттi елдердiң қай-қайсысында  болмасын мемлекеттiк  бюджет, яғни халықтың  ортақ  қалтасының  қаражаты салық арқылы құралатындығы белгiлi.

Демек,  әлеуметтiк экономикалық  дамуға әркез дем берiп, қан жѕгiртiп, отыратын бюджеттiң  түзiлiмiнде, iрiлi-кiшiлiгiне қарамастан, барлық салық төлеушiлердiң мән маңызы мен  рөлi өте үлкен. Осы тұрғыдан келгенде  бiз әрбiр  салық төлеушiге, құрметпен қарауымыз керек, әрi олардан тиiстi салық төлемiнiң  уақытылы толық  көлемде түсiп тұруын қамтамасыз етуге, оның барысын  ѕздiксiз бақылап, қадағалауға  мiндеткеремiз.




Скачать