Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері


 

     «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.

     Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.

     Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.




Скачать