Инвестициялық салық преференциялары


 

Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және  оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.

Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiразбөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.

Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.

Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.

Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.

Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:

келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;

жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.

Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
         Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.

Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.

Курстық жұмысым үш бөлімнене тұрады. Жұмысымның бірінші бөлімінде:инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi онда:инвестиция  туралы жалпы түсiнiк, инвестиция типтерi мен түрлерi, екінші бөлімінде: инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі: инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi, преференциялардың қолданылуын тоқтату, ал үшінші бөлімінде: Қазақстан Республикасындағы экономиканы  өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары қарастырылған.




Скачать