Монополияны реттеу


 

«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі:

· Егер рынок субъектілерін монополияға қарсы орган монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе..

· Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған рынок субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.

· Рынок субъектілері монополияға қарсы заңнаманы күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық жасаған кезде.

Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .

Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге қолданыстағы бағаларды өзгерту, қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың қолданылуының белгіленген мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту) өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.

Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқару органына және оған бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153 –НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.




Скачать