Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Адамзаттың сандық сипаттамалары Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды.
Скачать |