Гегельдің диалектикалық концепциясы


Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант трансценденталды алғышарттарды қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және субъект пен берілген себептілік принцпін аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кант пен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол абсолюттік идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады.

 

Абсолюттік идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің “Рух феноменологиясында” (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл үдеріс екі деңгейде көрінеді. Индивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында) және тарих деңгейінде (антик дәуірінін Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік бағытталған идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму үдерісі ретінде құрастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының “негіздері шайқалады”. Сананың өзгерісі үдерісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырды.

 

Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәнгіге берілмейді, оған таным үдерісінде жетуге болады және ол әрекет пен байланысты Гегель бойынша адам Әлеми өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адамды қоршаған нәрсенің бәрі - өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.




Скачать