Дүниеге көзқарас туралы ұғым


Ауызша халық мәдени ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік саяси, адамгершілік тәрбие және дүниегекөзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне “дүние неге бұлай”, “адамның өсуі мен өлімі” жайында сұрақтар қояды. Міне, осы сияқты сұрақтарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болады. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниегекөзқарас деп аталады. Дүниегекөзқарас адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Дүниегекөзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бір бөлігі. Дүниегекөзқарастың өзегі – білім. Білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелдігіне, жүйелілігіне қарай ол практикалық және теориялық болып бөлінеді. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен ғылыми негізде дәлелденген. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі. Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне Мифология және дін жатады. Бүкіл адамзат бір кездері философияға мифологиядан дінге өту жолы арқылы келген.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.




Скачать