Балықтар


Балықтар

1.  Балықтар омыртқалы жануарлар.
2.  Сүйекті балықтардың құрлысы және тіршілік әрекеті.
3.  Балықтар түрінің сан алуандығы.
4.  Сүйекті балықтар класына жататын    жануарлардың негізгі ерекшеліктері.
5.  Балықтардың кәсіптік маңызы.
6.  Эпителий ұлпа.
7.  Бұлшық еттер.

Балықтар - омыртқалы жануарлар.
Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады, олай  жануарларды омыртқалылар деп аталады.
Балық та - омыртқалы жануар.
Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.
Балықтар өмір бойы желбезен арқылы тыныс алады.
Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан,  тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі  қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас.
Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек 0ана6 ол скелет шем3ршектер3не жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады.
Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті  балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты  гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі  тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға  қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.
Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті  қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқы шығып жатады. Сол, сыртқы шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды  ктенондты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлеріне - карп, сазан тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды циклондты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Бүйір сызығы өткел жерлерде қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері болады. Осы тесіктері арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер, сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есту органдарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органы жақсы дамыған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты судың терең немесе таяу қабаттарында жүргенін осы бүйір сызығы арқылы сезеді.
Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы алабұғада бүйір сызығы бүйірін қуалай орналасса, ал «семсер балықтардың» бүйір сызығы иректеліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырынның әсерінен  балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады.  Омыртқа желісі Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің  доғасы қосылып жұмыс каналын құрайды, құйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Алабұғаның бас сүйегінің  өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонедықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінің  құрлысына тоқталамыз. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектен пайда болған.
Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт  шүйде сүйектерінен құралған. Қарақұс  тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде парлы бүйір сүйегі, ао жоғары жағынан  жоғары шүйде сүйегі қоршап жатады. Есту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Қос қанат сана тәрізді және көз санасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерінен қалыптастырады. Иіс бөлімін  дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Шеміршек арқылы сүйектену ми сауытының артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының  алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен  және одан әрірек шүйде  жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында - барлық бас сүйегінің түбін парасфенонд және оның алдынғы жағында жатқан өре сүйегі (санник) құрайды. Тіл асты сүйектер мен желбезек шеңберлері тек қана шеміршектегі сүйектерден құралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі, акулалардікі тәрізді үлкен   гиомандибуляре - деген сүйектен пайда болған. Гиомандибуляриге бір жағынан  шаршы сүйектен буындасып тұрған симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінің төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандебуляре симплектуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептеледі. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегінің есіту бөлімінде, гиомандибуляре сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум - дегеніміз сүйекті балықтарға ғана тән айрықша сүйек. Бес  пар желбезек доғалары болады, бірақ соңғы пары нашар жетілген.
Желбезек қақпағы гиомендибуляре сүйегіне бекітіп тұрады. Желбезек шатыры төрт сүйектен тұрады. Қауырсын қанатты балықтарға ғана  тән, тіл асты доғасының төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйектілер - желбезек торсылдағының қауырсындары болады. Алабұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі - біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден,көз аралық пердесі болмайды.
Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиямидан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиялар барып бірден  нық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы  аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі  сияқты нашар дамыған және ол кішіреки »жауырын » менкораконд деген сүйекшелерден тұрады. Белдеу  сүйектерінің  ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді - клейтрум деп аталатын сүйек. Ол ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектерден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластикадан тұрады. Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиялиясы да болмайды. Бұл сүйекті  балықтардың аяқ  скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып табылады.
Ет системасы.  Кеудесі мен құйрық бөлімінің ет системасы,  минога мен акулаларікі сияқты миосепталармен құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір - біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп жіктелген. Шеміршекті балықтарға қарағанда шеміршекті - сүйектілердің  балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек келеді. Алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен қапталған. Ортаңғы ми мен мишық  көлемдірек болады. Алдыңғы мидан  кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұған алдыңғы мидың жұп өсінділері  енеді. Аралық өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз  бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Мишығы өте үлкен және ортаңғы миға жанасып жатады. Бас миынан 10 пар нерв тарайдыҒ 12 пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінде сияқты домалағы болып келеді, хрустанегі және  қасаң қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Көздің белокты қабығы шеміршекте болады. Көз  алмасының қан тамырлы
қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағына орналасқан.
Көз ұясының қабырғаларын кесіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып жазылу нәтижесінде көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсінділер арқылы хрусталик қозғалады. Көз қабақтары  болмайды. Есту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сүйек зат (перимимфа) болады. Иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде болады. Мүйіз тәрізді әрбір шеңбер каналдың ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Мұны ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін - эндолимфа жолы және қуыс өскін шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ  оталиттер мен бірге сүйекті балықтарда есту тастары, яғни ірі оталиттерде болады. Алабұғада 3 ірі оталиттер болады. Ең үлкен есту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Басқа екеуі кішірек, оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады. Ал екіншісі сопақ қапшықшаның арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан.
Дән сезу органы микроскоп арқылы ғана көрінетін дән айыратын бүршікшілерден тұрады. Жеке дән айыратын бүршікшілерден бір-біріне олардың арасындағы тірек клеткалардан құралған. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дән айыру бүршекшілері тек ауызда ғана емес, бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
Иіс органы - екі тесікті жұп қапшықшадан құралады.
Ас қорыту органы.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген.  Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қуысын, бірге қосып ауыз жұтқыншақ  қуысынқ құрайды.  Алабұғада бірнеше ұсақ тістері бар. Тіс формасы бойынша бірдей болады. Ұшы сүйір конус тәрізді.  Керек нәрсесін ұстайды, бірақ майдалап, ұсақтай алмайды. Қоректі затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және үлкен созылмалы  қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады,одан ішек ешқандай шумақтамастан барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Тұйық  өсіндінің  саны түрлі балықтарда түрліше болады. Мысалы: алабұғада-3, ласосьта-40, скумбрияда-200-ге жуық. Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шашырқайды шашылып жатады. Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Торсылдақ негізінде  гидротактикалық аппарат болып табылады.
Тыныс алу органы төрт пар жетімен желбезектері болады. Сүйекті балықтар - желбезек қақпашаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Желбезек қақпасының астында бос қуыс пайда болады және ауыз- жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпасы  төмен орнына түскенде су қысылып барып желбезек саңылауларынан сыртқа шығады.
Алабұғаның жүрегі 3 камералы: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Қан әкелетін желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған.  Бұлар артқы қолқасының  түбіне әкеп құяды. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбер пайда болады. Сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып келеді. Алдыңғы  қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтың үстінгі жағында орналасқан лента тәрізді  мезонефрикалық бүйректен тұрады. Бүйректерінің  ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов  каналшаларына  ұқсас зәр түтікшелері болады, олар сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Кейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады. Ұрғашылардың жұмыртқа жолының қызметін атқаратын  - мюллер каналдары болмайды, еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпен байланысы жоқ, ол вольфов каналдары зәр шығару каналдарының қызметін атқарады.
Уылдырығы ұсақ, оның  артында  жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және тірідей туылады.  Қауырсын қанатты балықтар 3отрядқа бөлінеді, сүйекті ганандалар, көп қанатты балықтар, сүйекті балықтар.
Қауырсын қанаттылар - өте қарапайым құрлысты, өткен мезазой дәуірінде кең тараған балықтар. Осы кезде екі түрлі ғана  тіршілік етеді. Қабыршақтары ганандасы немесе сүйекті жүзу торсылдағы болады.  Американың тұщы суларында тіршілік етеді. Олар кайманов,сауытты шортан және амия балығы. Бұлардың омыртқаларының арт жағы ойыс, алдыңғы жағы дөңес болып келеді. Мұндай омыртқалы опистоцельді омыртқа деп атайды.
Көп қанаттылар сан жағынан аз болса да құрлысында өздеріне тән ерекше белгілері бар тұщы су балықтары. Денесі ромб тәрізді ірі өз ара қозғалмалы болып, байланысқан қабыршақтарымен жабылған. Арқа қанаты көптеген ұсақ қанаттардан тұрады, соған байланысты бұларды көп қанаттылар деп атаймыз. Көп қанатты балықтар тропиктік Африкада таралған. Олар өзендердің түбінде ылайлы бөлімінде тіршілік етеді. Кәсіптік маңызы жоқ.. Сүйекті балықтар 13 отрядқа бөлінген.
Майшабақтар аяқты карп тәрізділерде қарапайым құрылысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бас сүйектерінің май- шабақтардан  гөрі жақсы дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Веберев аппараты болады. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі  плогва, язь, линь, карас, табан балық мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері  вобла, таран, кутум көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп, жойын. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва,  өткінші қара теңіздік тарандар, өзенді мекендейтін қоқын балық, өткінші Еділ-Каспий тарандары, сазан, табанбалық, қарабалықтар және тағы басқа түрлері жатады.
Жайын тұқындасы - тісі жоқ, ноғыз қабыршағы болмайтын жыртқыш балық .
Угрлар - денесі  ұзын жылан тәрізді болып келеді. Кейбір түрлерінде құрсақ, көкірек қанаттары болмайды.  Арқа және құйрық қанаттары бір-бірімен қосылып кеткен. Жүзу торсылдағы ішекпен байланысып жатады. Олардың біразы субтропиктік және тропиктік зоналарда тараған. Өзен угры - Балтық теңізінде
кездеседі.
Шортан тәрізділерде  жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балық тобына жатады. Жүзу торсылдағы ішекпен байланысып жатады. Біздің өзендерде, көлдерде және Оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлер де мекен ететін кәдімгі шортан. Орнын ауыстырмай тіршілік етеді. Кәсіптік маңызы жоқ..
Алабұға - шортан тәрізділердің жүзу торсылдағы тұйық біткен және бүйір сызығы жоқ, көбінесе оңтүстік теңіздерде мекен етуші балықтардың ғана тобы жатады. Бізде Қара теңіз бен Азов теңізінде кефальдар тұқымдасы кездеседі. Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері - лобан немесе кәдімгі кефаль, синциль. Бұл отрядқа өздеріне тән ерекшеліктері бар - ползун немесе анабас балығы жатады.  Бұл балықтың ерекшелігі, егер оттегі жеткіліксіз болса, екінші суға бара алады,тіпті ағаш бұтағына шығып,жармасып отырады. Бұлар Индия,Бирма суларында, Зонд және Филипин аралдарында тіршілік етеді.

Саргандар немесе ұшқыш балықтар.
Көбінесе теңізде болатын балықтар. Ерекше түрі - ұзын қанаттылар.
Үлкен қанаттары арқылы, судан секіріп шығып қалықтап ұшып 150-200 метрдей жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңізде көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі.
Тікен тәрізділер - солтүстік жарты шардағы тұзды және тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар. Қанаттарының алдыңғы бөлімі мен қанаттары тікен сияқты болып келеді. Қабыршақтары сүйекті Балтық, Баренцова, Азов, Каспий теңізінде кездестіруге болады.
Шоқ желбезектілер бұлар ұсақ теңіз балықтары. Желбезектері шөжіп, ұсақ шоқ-шоқ  болып желбезек шеңберінің жұрнағына бекінген. Денесі  сақшалы сүйекті пластинкалармен жабылған. Басында ұзын түтік тәрізді тұмсығы болады, аузы кішкене, тістері болмайды. Еркектерінде жұмыртқа салатын қапшығы болады. Олардың теңіз аты және теңіз иесі деген түрлері бар. Кәсіптік маңызы жоқ..
Қара теңіз, Каспий, Балтық және Жапон теңіздерінде кездеседі.
Тікен қанаттылар бөліктері жеке-жеке ажыратылмаған үшкір тікен сияқты. Теңіздерде жеке тұщы суларда тіршілік етеді. Жүжу торсылдағы ішекпен қатыспайды.
Алабұға салмағы 10-12кг, олар 10-12 жыл жасайды. Таутан кәсіптік маңызы жоқ. Тана балық тәрізділер Қара теңізде, Азов және Каспий теңізінде кәсіптік обьект болып саналады.
Треска тәрізділер кәсіптік маңызы зор балықтар жатады. Әдетте ірі қанат қауырсындары  жұмсақ болатын балықтар. Налим деген түрі тұщы суда кездеседі. Көбінесе су түбінде тіршілік етеді. Оларға: навага, сайка, полярлық треска жатады. Тресканың етін пайдаланумен қатар бауырынан емдік қасиеті «балық майлары» жасалады. Трескалар  2,3-10 миллиондай уылдырық  салады. Трескадан басқа солтүстік теңіздерде  тралмен ауланатын балықтарға пикша, санда, сайка жатады. Солтүстік теңіздерде және Қиыр Шығыс суларында навага деп аталатын түрі кездеседі.
Камбала тәрізділер денесі екі бүйірінен өте қысыңқы сүйір болады.  Торсылдағы болмайды. Су түбінде тіршілік етеді, бір бүйірімен жайлап жүзеді. Әдетте уылдырық шашуға, қыста шығуға қорегін тауып жеуге қолайлы жер іздеп миграция жасайды. Өте алыс ұзап кете алмайды. Камбалалар тралмен аулау кәсібін негігі обьектісі.
Біріккен  жақтылар.
Олардың жаңаралық және жоғарғы жоқ сүйектері,өсіп,соның нәтижесінде жақты тұмсық қалыптасқан. Тістері қашау немесе пластинка тәрізді болады. Бұлардың тістері шаян тәрізділердің, маллюскалардың бақайшықтарын ұстауға бейімделген. Денесі ірі қабыршақтары немесі сүйекті пластинкалармен қапталған. Нағыз өкілдері: ине құрсақтылар мен кузовкалар.
Аяқ қаннаттылар.
Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай сүйірленіп, кейде қанаттары ескек сияқты су түбінде қозғалуға мүмкімдік беретін органға айналған. Сондықтан да, бұл балықтарды аяқ қанатты балықтар деп атайды. Бізде Қара теңіз бен Баренцова теңіздерінде теңіс шайтаны деген түрі кездеседі.  Арқа қанаттарының алдыңғы шоқтары ұзын, қозғалғыш қармағышқа айналған.
Саусақ қанатты балықтар. 
Девон және Карбон  дәуірінде кеңінен таралып бор дәуірінің соңына ала мүлде жойылып кеткен, Африка жағалауынан табылған - латимерия.
Торсылдағы нашар жетілген, танау тесігі жоқ бассүйегінде шеміршек сүйектен гөрі басым 25-80 кг салмағы тұрқы 125-180см дейін жететін жыртқыш балық.. Жұптасып біткен  жүзбеқанаттарында жерге толнысы болып, денесі көтеретіндей бұлшық еттерінің болуы,  құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ құрлысына ұқсас. Сондықтан құрып біткен саусаққанаттылар  қосмекенділердің арғы тегі деп есептеледі.
Балықтардың кәсіптік маңызы.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл - ауқатының жақсаруы олардың балық оөнімдеріне деген талабын әрқашанда артыратына күмәнбіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.
Эпителий ұлпасы (лат - ұлпа, грек - үстінде)- адам және жануарлар денесін сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердің кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әр түрлі бездер парен химасын түзететін ұлпа. Эпителий ұлпасы жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді.  Жабынды эпителий ұлпа организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасын астарлайды. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий клеткалары - эпителиоциттерден құралған.  Ол негізгі жарғақта орналасқан.  Бұнда қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке ұштары мол. Эпителлиоциттер де  атицольді және базольды  өрістер болады, қалпына келу (регенрация) қаблеті жақсы жетілген. Эпителий ұлпа  бір қабатты және  көпқабатты болып екі топқа бөлінеді. Бір қабатты эпителий ұлпасында базольды жарғақпен (мембронаней) оның  тек төменгі қабатта орналасқан клеткалар жасалады. Безді эпителий ұлпа ішкі және сыртқы секреция бездері химосын құрайды. Эпителий ұлпа қорғаныш қызметін атқарады, зат алмасу процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.
Бұлшық ет - жиырылу қызметін атқаратын қонақты  парен химолы мүше. Бұлшық еттің паренхимосын бұлшық ет талшықтары (симплост) құрайды. Ал оның строносы борпылдақ дәнекер ұлпасын құрайды. Бұлшық ет стромосы ет талшықтарының аралығында әр түрлі дәнекерұлпалық қабықшалар құрайды. Ет талшықтарын өзара байланыстырып, талшықтар будаларын құрайтын жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалы қабықшаны эндомизий, ал ет талшықтары будаларын өзара байланыстырып, бұлшық етті құрайтын  дәнекерұлпалық аралықты перимизий деп атайды. Бұлшық еттің сыртқы дәнекер ұлпалық қабығын эпимизий дейді.





 


Скачать