И. Канттың философиясы
Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым. Адамдардың шынайы іс-әрекетінен тыс, жасанды жолмен туындаған мұндай ар ілімі кезінде замандастырының сынына да ұшыраған еді. Соның ішіқде Шиллердің пікірі ерекше көзге түседі. Ол Кант ілімінің қисынсыз, сырдаң екендігін өткір өлендермен әжуа етқен болатын. Кант езілген таптың өз бақытын о дүниеден табатынын ғылыми негізде дәлелдемек болған еді. Ол үшін бұл дүниеде парызынды орындап, ешкімнің бетіне жел боп тимесең болғаны, қандай зорлық-зомбылық көрсең де, іштен тынып, орнаған тәртіпті бұзбауың керек. Эстетика және көркемөнер фплософиясы Кант дүниетанымының шыңы есепті. Ол бұрын ара-жіктері ажырап кеткен сананың салаларын байланыстыруға арналды. Көркемдік - Кант эстетикасының негізгі ұғымы. Алайда, Кант айнала қоршаған шындықтың көркемдігін сөз етпекші емес, оның барлық зейіні эстетикалық талғамға ауған. Мұның мәнісі негізінен көркемдік туралы субъективтік пікірлер жүйесіне келіп саяды. Пікірлесудің эстетикалық қабілеттілігін сынау Канттың ойынша екіге бөлінеді. 1) сараптау (аналитика), 2) диалектика. Сараптау өз кезегінде үшке бөлінеді: а) көркемдік сипаттау; ә) көңіл көтеріңкілігін сараптау; б) эстетикалық пікірлер тұжырымдары. Көркемдік Канттың категориялар жүйесіндегі сапа, сан, қатынас және модальность арқылы сарапталады. Сапа тұрғысынан талғамдық пікір енжарлық сипатта болады. Бір нәрсенің көркем немесе көркем еместігін сыртқы заттар туралы біздің ойымызды сол заттардың өзімен салыстырмаймыз, керісінше, адамның өзімен, қанағат (немесе қанағатсыздық) сезімімен салыстырамыз. Бұл орайда парасатпен байланысты қиялдаудың да жәрдемі тиюі керек. Талғамдық пікірді Кант адамдардың қажеттіліктерімен, көңіл-күйлерімен тіпті де байланыстырмайды. Көркемдік, өйткені ешқандай мүддесіз-ақ ұнауы тиіс. Ал сан категориясы тұрғысынан; көркемдік барлық адамдарға бірдей ұнауы тиіс. Ал қатынас категориясы тұрғысынан алғанда эстетикалық пікір дегеніміз мақсаттылық туралы мақсатсыз пікір. Скачать |