Ұйғыр жазуы


                                             Жоспар:
1)    Ұйғыр жазуы.
2)    Ұйғыр тілі.
3)    Сары Ұйғыр тілі.
4)    Ұйғыр жазуымен жазылған бірде-бір мұра-“Құтадғу Біліг”.
5)    Ұйғыр жазуының зерттелуі.

Ұйғыр жазуы — соғды жазуынан (б.з.б. 1 ғ. — б.з. 9 ғ-лар) бастау алатын ежелгі ұйғыр тайпалары пайдаланған жазу. Жоғарыдан төмен қарай тік әріптермен солдан оңға бағыттала жазылатын бұл жазу түрі сирия-арамей әліпбилерінің біріне саяды. Ұйғыр жазуының әліпбиін кейінірек басқа да түркі тайпалары (наймандар), олардан моңғолдар үйренген. 13 — 14 ғ-ларда Орт. Азияда құрылған түркі-моңғол ұлыстарының көпшілігі Ұйғыр жазуын пайдаланған. 16 ғ-да кейбір өзгерістермен маньчжурлар қабылдады. Кей халықтар Ұйғыр жазуын 18 ғ-ға дейін, ал сары ұйғырлар 19 ғ-ға дейін қолданып келді. ҚХР-ның Қшкі Моңғолия автономиялы районында қазірге дейін қолданылады. Ұйғыр жазуының ескерткіштері бізге Шығыс Түркістаннан табылған қолжазбалар арқылы жетті. Олардың ішіндегі ең көрнектісі — Жүсіп Баласағұнидың “Құ-тадғу біліг” (1069) дастанының Вена нұсқасы. Ұйғыр жазуы туралы мәліметтерді Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” (1073) еңбегінен де кездестіруге болады. Ұйғыр жазуы ескерткіштері қатарында “Манихейлердің жалбарыну дұғасын” (6 ғ.), “Һибатул-хақайық”, “Алтын яруқ” (“Алтын жарық”), будда дініне қатысты қолжазбалар (11 ғ.) мен заңи құжаттарды (10 — 13 ғ-лар) атауға болады. Ұйғыр жазуының әліпбиі 22 әріптен тұрады. Таңбалауда ы/і, о/у, ө/ү дауыстылары мен п/б, к/г, т/д дауыссыз дыбыстары бірдей жазылғанымен, дыбысталуы әр түрлі. Жазудағы әріптер сөз басында, ортасында, аяғында түрліше таңбаланады.




Скачать