Астрономия және оның Қазақстанда даму жолы


 

Астрономия – мыңжылдықтар өмір сүрген ежелгі ғылым. Бірінші астрономиялық бақылаулар туралы қолжазбалар б. э. д. VIII ғасырға қатысты. Ал Ежелгі Қытай астрономдары б. э. д. 2 мың жыл бұрын Ай мен Күн қозғалысын зерттеп толық Күн және Ай тұтылуларын жоғары дәлдікпен есептей білген. Азияның көшпенді тайпалары, оның ішінде қазақ халқы, күндіз Күннің, түнде Ай мен жұлдыздардың орналасуымен,  өздерінің көшіп-қону бағытын дұрыс ұстап отырған. Уақыт пен жылдарды санақ жүргізу қажеттілігі астрономияның дамуына әкелді. Мысалы Ежелгі Грецияда астрономия біршама дамыған ғылымдар қатарында болды. Планеталардың көрінетін қозғалысын түсіндіру үшін, грек астрономдары геометриялық эпициклдердің теориясын құрды. Бұл теория кейіннен Птоломейдің  әлемнің геоцентрлік жүйесінің негізі болады.

Азия мен Кавказда астрономияның дамуы әйгілі Аль-Баттани (850-929жж.), Бируни (973-1048 жж.), Ұлықбек (1394-1449 жж.) сияқты астрономдардың еңбектерімен байланысты.

 Астрономия ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтарында астрономиялық инструменттерінің дамуымен байланысты алға басты. Астрономияның күрт дамуы, ХХ ғасыр ортасында космостық техника жетістіктері, астрономиялық инструменттерді Жер атмосферасынан тыс жоғары көтеруге мүмкіндік беруімен сипатталады. Бұл кезде астрономия ғылым салаларының алдыңғы қатарында болды, ол жерде болмайтын ғаламдағы процесстерді зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Қазіргі кезде астрономиялық зерттеулер кең ауқымды, көптеген мекемелер қатысатын халықаралық бағдарламалар арқылы жүргізіледі.

Астрономияның қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның әдістерінің бірнеше онжылдықтар бұрын ғана ашылғаны таңғаларлықтай. В.К. Цераский, А.П. Ганский, А.А. Белопольский, Г.А. Тихов, Х. А. Әбішев, С.Н. Блажко, А.Р. Орбинский жұмыстарымен астрономиялық зерттеулер басталды. Астрономияның бастапқы қадамдарында В.Г. Фесенков жұмыс істей бастады, ал ғылым тарихына ХХ ғ. бірінші жартысының алып астрофизигі ретінде енді.

Қазақстан өз алдына ғарыш саласында жан-жақты дамып, алып ғарыш державалар қатарына ену мақсатында атқарылып жатқан шаралар аясында Қазақстанда Астрономияның даму тарихын бір жүйеге келтіру – маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Біз осы бағытта жұмыстар қалай жүргізілгенін түсінбей, ары қарай ілгерілеу мүмкін емес екенін түсінеміз.

Осы орайда мен өз дипломдық жұмысымда Қазақстандағы алғаш ғылыми астрономиялық институттардың ашылуын, қазақ жерінде бірінші зерттеулердің қалай болғанын жаздым. Еліміздегі Астрономия саласын көтеруге бірден-бір себепкер, ірі тұлғалардың өмірі мен ғылыми зерттеулерін де көрсете кеттім. Ал 3 ші тарауда Қазақстанда қазір жасалып жатқан және жасалатын актуалды жұмыстар, зерттеулер мен мәселелер келтірілген. Көп ғалымдардың ізденістері мен ой түіндері де тыс қалмаған.

Жалпы бұл жұмыста Қазақстандағы Астрономияның кешегісі мен бүгінгісі, үлкен септігін тигізген ғалымдар мен осы саланың болашаққа бағдары көрсетілген.




Скачать