Фенолдар
Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады. Фенолдардың реакцияға өте қабілетті гидроксил тобы мен ароматик ядросы бар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. Мысалы, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8∙10-5, көмір қышқылынікі 4,8∙10-7, көгерткіш қышқылдікі 7,2∙10-10, фенолдікі 1,3∙10-10 және судікі 1,8∙10-16. Сондықтан фенолдар күйдіргіш натрдың ерітіндісімен әркеттесетін феноляттар түзеді, бірақ натрий карбонатынан СО2 ығыстырып шығара алмайды. Спирттермен салыстырғанда фенолдардың үлкен қшқылдығын оттек атомының бөлінбеген электрондар жұптарының ядроның электрондарымен әрекеттесуі арқылы түсіндіруге болады. Мұндай қосарлану оттек атомындағы электрондар тығыздығын азайтады және спирттердегіден гөрі фенолдарда протонның үлкен қозғалтқышын туғызады. Темір феноляттардың комплекстік сипаты бар. Олардың ерітінділері қанық қанық боялған. Фенол FeCl3 ерітіндісімен күлгін түске, крезолдар – көк түске боялады. Фенолдарға, әсіресе мыс ұнтағының қатысуымен, галогекн туындылардың феноляттары әсер еткенде, сондай-ақ фенолдарға алкилсульфаттар, сульфоқышқылдардың эфирлері немесе диазометан әсер еткенде, фенолдар гидроксил топтағы сутек атомының арқасында оңай алкилденеді. Фенолдардың эфирлері – тұрақты заттар. Алайда инерттік ерітіндіде Na немесе NaNH2 қыздырғанда олар да, радикалдары майлар қатарынан эфирлер сияқты ыдырайды. Оларға сілтілердің әсері аз. Фенол этилен тотығымен конденсацияланып, полиэтиленгликольдің фенил эфирін құрайды.
Скачать |