Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді. Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті. Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті. Бұл – халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауызша ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға жанұялық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді. Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларды ортасына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді. Орыстың ұлы классик – педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: “Ол халық-ауыз әдебиеті шығармаларынан” орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көрсетеді. ІХ ғасыр Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. Х ғасыр аяғында князьдардың енгізген ресми мемлекеттік діні – христианство – осыған көмектесті. Скачать |