Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер


 

Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік  мәселенің жүзеге асуы.

Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер.

Түсінік хат.

Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.

   Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.

  Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім Орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады.

Тіл дамыту  ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады.

   Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақрыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.

Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді.

    Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын  көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып, балабақшаға барып қазақ сөздерімен танысуы тиіс. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі қолданыстағы тілді үйреніп шықса , жоғарғы оқу орындарын да мектеп бағдарламасын қайталамай, тілдік категорияны теренірек оқытылса , болашақта орысша және қазақша тіл білетін маман даярлар едік . Қаншама жазсақта, айтсақта  ісіміз оңға баспай тұр. Себебі оқушылар тек сабақта ғана қазақша сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады.

  Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер жайлы бағдарламамды ұсынып отырмын.

   Себебі сөздік қордың бай болу манызды мәселе .

 

            Мақсаты :

-          Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру.

-          Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.

-          Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

-          Қазақтың байырғы сөздерін білдіру.

-          Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту

-          Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.

-          Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы қазақ халқын сыйлауға , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.




Скачать