Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде


 

1.Халық педагогикасындағы тәрбиелік іс-әрекеттер.

2.Бала туғандағы шiлдехан, бесiкке салу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу тойлары өлең-жырлардың тәрбиелік мәні.

3. Қазақтың ырымдары мен тиым сөздерiне талдау.

Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап,  азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде (құда түсу, үйлену, шiлдехан, бесiкке салу, қарын шәшiн алу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу, тiл ашар, бастаңғы, мал бағу, көшiп-қону, жауға аттану, естiрту, жоқтау, жаназалау, жетiсi, қырқы, бейiт тұрғызу, жылын беру т.б.) кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда марапатталатын халықтық ритуалды арқылы iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс енкенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше (пәниден бақиға дейiн) халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi.

Халықтық ырымдар, жол-жоралар жиналып келiп ұлттық салт-дәстүр  рәсiмдерiнiң бәрi  белгiлi бiр мақсатты көздей iске асырылып, ол ойлар өлең-жырмен өрнектеледi. Мысалы: бала туғандағы шiлдехан, бесiкке салу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу тойлары өлең-жырсыз өтпейдi. Осы өлең-жыр, тақпақтарда айтылатын ой, көзделер мақсат өлең-жырлардың мазмұнынан өзектi орын алады. Мәселен бесiк жырында айтылатын:

Құйрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жiгiт болар ма екенсiң?!

Айыр қалпақ киiсiп,

Ақырып жауға тиiсiп

Батыр болар ма екенсiң?

Бармақтарың майысып,

Түрлi ою ойысып

Ұста болар ма екенсiң…. дегендерде айтылар ой, көздер мақсат нәрестенiң келешекте ел қорғайтын батыр, сөз бастайтын шешен, он саусағы өнерлi ұста болып өсуiн армандау.

Немесе тұсау кесу жырында балаға арналып айтылатын “Тұсау кесер” жырында:

Қаз-қаз балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам…

Балтырыңды түре ғой

Тай-құлын боп шаба ғой.

Озып бәйге ала ғой…

Құтты болсын қадамың

Өмiрге аяқ баса бер

Асулардан аса бер – деп өлеңдете олтырып, ала жiптi қайшымен қиюда астары ой жатыр. Ол баланың өмiрде жолы болсын, “бiреудiң ала жiбiн аттамасын”, адал еңбек етсiн, әдiл, шыншыл азамат болсын дегендi бiлдiру.




Скачать