Этнопедагогикалық ұғымдарға анықтамалар


 

Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бiр ме? Болмаса олардың өзiндiк ерекшелiктерi, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу объектiсi не? Ендi осы мөселелерге арнайы тоқталайық.

Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта “Халық педагогикасы” деген ұғымды зерттеушiлер бiр-бiрiне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр (65,). Олардың бiрiншiлерi: халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса, екiншiлерi: әр халықтың педагогикалық тәжiрибесi, ал үшiншiлерi: халықтық педагогикалық ойлары мен iс-әрекетiнiңбiрлiгi, төртiншiлерi: халық тәрбиесi туралы ғылым деп қарайды.

Халық педагогикасының теориялық негiздерiн зерттеушi ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын — “халықтың таптық педагогикалық санасы” деп, ал “дәстүрлi педагогиканы — белгiлi ұлттық педагогиканың санасы” (85, 14) ретiнде қарастырады.

Зерттеушi педагог Г.С.Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырып, оны “жүйе” дегеннен гөрi, “бiлiм мен дағдылар жиынтығы” (18, 21) деген пiкiрдi құптап келдi. Виноградовтың пiкiрi бойынша, халық педагогикасын халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесi ретiнде қарастыру қажет.

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелi үлес қосқан көрнектi ғалым Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет “этнопедагогика” деген ұғымды енгiздi. “Этнопедагогика — халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы — халықтық ауыз әдебиетiнде, салт-дәстүрлерiнде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетiн педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжiрибесiнiң жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi ерекшелiктердi зерттейдi. Онда — халыққа қажеттi қасиеттердi қалыптастыру үшiн пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, мiндеттердiң, әдiс-құралдардың, тәсiлдердiң жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады” дей келе, оның зерттеу тақырыбы — тәрбие, ал тәрбие объектiсi — адам, тұлға”,— дейдi Г.Н.Волков (16, 16).

Ал педагог және философ ғалым Г.Н.Филоновтың анықтамасы бойынша: “Халық педагогикасы — жергiлiктi халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдiс-тәсiлдерi. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмiр барысында бiлiм мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжiрибенiң, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыс ережелерiнiң, қоғамдық дәстүрлердiң, белгiлi идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрiнiс табады” (36, 16) дейдi.

Педагогикалык энциклопедиялық сөздiкте: “Халық педагогикасы дегенiмiз — ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесiндегi ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерiнiң, мәдени ойлау процесiнiң эмпирикалық негiздегi озық үлгiлерiнiң жиынтығы. Халық педагогикасының негiзгi түйiнi — еңбек тәрбиесi және өндiрiстiк бiлiм, дағды, шеберлiктердi жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершiлiк, имандылық рухында тәрбие беру” (65, 291),— деген анықтама берiлген. Бiз осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санаймыз.

Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 ж. “Педагогика” баспасынан шыққан этикалық сөздiкте “әдет-ғұрып дегенiмiз белгiлi бiр қоғамда немесе коллективте белгiлi бiр тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан коғамдық тәртiптiң түрi. Ол әлеуметтiк өмiрдiң әр түрлiлiгiне және күрделiлiгiне қарамастан, белгiлi ұқсастық жағдайда адамдардың бiркелкi әрекет етуiн қалайды. Яғни бiр қоғам iшiндегi адамдардың еңбек ету тәсiлдерi мен әдiстерiнiң жалпыға ортақ болуын, отардың саяси-қоғамдық iс-әрекетiнiң және күнделiктi тұрмыстағы қарым-катынасында немесе көзқарасында бiрыңғайлылық әрекеттiң болуын талап етедi. Осының бәрi әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрiнiсi болып табылады,”— деп тұжырымдаса, ал “дәстүр дегенiмiз – әдет-ғұрыптың өмiрдегi өсiп жетiлген әр түрлi формасы. Ол адамдардың белгiлi бiр бағыттағы тұрақты iс-әрекетi мен мiнез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгiлi формада ауысып берiлетiн түрi” (47, 425),— деген анықтама бередi.




Скачать