Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды. Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады. Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады. Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды. Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді. Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады. Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, криссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені соншама, иман, ал одан кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауаи алуына біршама ат салысады. 1902-1910 жылдар аралығында медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатын ашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбар төс үстем тап өкілдеріне ұнамай «ислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылды» деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялы қауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да хабары болады. Скачать |