Ұлттық ою-өрнек өнері


 

Бұл мақаладағы біздің мақсатымыз, қазақтың топ ою-өрнек өнерінің тарихи сыры мен оны дамытушы шеберлердің маңызын аша түсу болып саналады. Бүгінде шын шебердің ою-өрнекке, яғни, халық өнеріне қосқан өзіндік ерекше өрнегін, жаңалықтары мен ой-кеңестерін зерделеп, талқылап, бұл ою-өрнек саласындағы қосқан шығармашылық үлесіне арнайы баға беру, әлі күнге дейін дұрыстап қолға алынған жоқ. Кеңес одағы кезінде әр ресепубликалардағы бейнелеу өнері салаларының көркемдік дамудағы бағыты мен деңгейінен, көпшілікті, мамандарды хабардар етіп, жеке суретші-шеберлердің шығармашылығын саралап отыратын «Художник»,  «Творчество»,  «Декаративно-прикладное искусство», «Юный художжник», «Наглядная агитация» сияқты, арнайы журналдар шығып тұратын. Сол журналдардан ұлттық өнер саласындағы жай-күйінен аздап болса да, жалпылай мәліметтер алуға болатынды. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін, белгілі себептермен, осы бейнелеу өнері саласына арналған сол журналдардың таралуы тоқталды.

Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардікі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жәйіттері алға тарта бастауда. Біз де өз тарапымыздан, осы ою-өрнек айшықтарын тудырушы ел ішіндегі аз шеберлердің еңбектерін саралап ден қоя қарасақ, республикамызда көзге көрінетін ілуде бір ою-өрнек шебері, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, суретші-педагог Сапар Асқарұлы Төленбаевтың еңбегінен аттап өтіп кете алмайтынымызға көзімізді жеткіземіз. Бұл дәлелді жайды толығымен нақтылайтын «Қазақстан Республикасы мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім минситрлігінің бағдарламасы бойынша» «Алматы кітап» баспасынан 2003 жылы жарық көрген, ұлттық өнерді  зерттеуші Маргарита Шахметқызы Өмірбекованың «Энциклопедия» - атты қазақтың ою-өрнектері туралы шыққан үлкен альбом кітабы. Кітаптың редакциялық алқасы, еліміздегі бір қатар алқалы белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлері мен ғалымдардан құралған. Сол 283 – беттен тұратын кітаптың дені Сапар Асқарұлы Төленбаевтың өрнектерімен көрнекілінген, барлығы 1323 ою-өрнек. Кітаптың теориялық бөлімінде ұлттық ою-өрнек саласында зерттеулер жасаған ғалымдардың - Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Т.Бөсенов, С.Қасиманавтар сапында Сапар Асқарұлы Төленбаевтың да еңбегі айтылып, бұл кісінің шығармашылық жұмыстарының көркемдік және практикалық маңызына түсініктеме берілген. Соған да орай, біз С.Төленбаевтың шығармашылық еңбегінің маңызын айқындайтын қызметінің сапасын аша отырып ұрпақ үлгісіне айналар қырына тоқтала түспекпіз. Ол кісі өткерген саналы өмірін, дәстүрлі халық өнері – ою өрнектің шығармашылық – эстетикалық тұрғыда жасалу үлгілерін насихаттап, өрнектің техникалық орындалу жолдарын кәсіби деңгейде білімгерлерге үйретуге арнады. Олардың ұлттық сезімдерін эстетикалық талғамдарын дамытып, жетілдіру мақсатына жұмсады.




Скачать