Антика мәдениеті


 

Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар.

Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ.

Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген.

 




Скачать