Ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі реферат


 

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АҒАШ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ ЭТНО-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТІ

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан  дәуірінің  қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.  Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.

Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың  этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген.  

«Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнек құдіретті өнер.Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып,бірге қайнасып келеді. Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар.Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталлған.[1]Түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Қолөнер халықтың ұлттық мұрасы. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып, мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Кең байтақ Қазақстан Республикасы жерінде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы.

Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор.Өйткені, қазақ халқының қолөнері – жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы. 




Скачать