Әскери өнердің шыңдалған шыңы – жекпе-жек


Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқыныңәскери өнері оныңәскери-тарихи болмысын айқындап берді. Көшпелілердіңәскери жүйесініңмұрагері қазақтар өз заманына сай аталған өнерді одан әрі дамыта білген. Әскердіңқұрылымы, соғыс жүргізу тактикалары мен маневрлік әдіс-айлалары, ұрыстыңбарысына ықпал еткен батырлар жекпе-жектері, жауынгерлердіңрухани және тұлғалық болмысы, қазақ әскери өнерініңөзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Жекпе-жекке шығатын кәсіби жауынгерлер соғыс тағдырына тікелей ықпал ететін күш болды. Алайда жекпе-жек әскери жүйеде әлі де өзініңтиісті бағасын ала алмай келеді.

Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жек, негізінен, ауқымы кең, тыңтақырып. Демек, өзініңкезегін күтіп тұрған, әлі зерттеуді қажет ететін күн тәртібіндегі мәселе.

Жекпе-жек – ұрыс не майдан алдындағы батырлардыңжеке айқастары, оған қатысу батырлардыңжауынгерлік борышы саналған. Өз ісіне машықты кәсіби жауынгерлер аз қантөгіспен, жеке айқастарымен соғыс тағдырын шешіп отырған. Жекпе-жекте жау батырын жеңу, батырлардыңатағын шығарып, дәрежесін өсірген.
Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жектіңорнын мынадай белгілермен көрсетуге болады:

1. Жекпе-жектіңәр ұрыстыңалдында өткізілуі, яғни соғыс бастамасына тікелей әсері;
2. Тәжірибелі кәсіби батырлардыңжеке айқастарыныңұрыс тағдырына ықпал етуі;
3. Жекпе-жек айқаста жаудыңбасты батырларын құрту;
4. Ұрыс алдында жауға күш көрсету, мысын басу;
5. Екі жақ батырларыныңкүш сынасуы.

Майдан алдында атақты жауынгерлердіңжекпе-жек айқасын өткізу – өткен ғасырларда, бұрынғы замандарда барлық халықтардыңәскери сословиесіне ортақ дәстүр. Еуропа рыцарлары, жапон самурайлары, Үнді кшатрийлері соғыста жекпе-жек өткізуді жиі қолданғанын олардыңэпикалық жырларынан, тарихи шежірелерінен көруге болады. Көшпелі халықтарда да айқастар көбіне батырлар жекпе-жегімен басталатын. Көшпелі түркі-монғол халықтарыныңбатырлық эпостары да жекпе-жек айқастарды суреттейтін сюжеттерге толы.

Батырлар жекпе-жегініңмақсаттары – аз қантөгіспен, тәжірибелі кәсіби жауынгерлердіңжеке айқастарымен соғыс тағдырын шешу, айқас алдында жауға күш көрсету, жаудыңбасты батырларын құрту, екі жақтыңбатырларыныңкүшін сынасу. Бір жақтыңбатырлары өте басым түскен жағдайда, қарсы жақ кейде соғысты жалғастырмай, кері шегініп кететін де болған.

Жекпе-жекке қатысу – батырлардыңжауынгерлік борышы. Жекпе-жекте жау батырын жеңу, батырлардыңатағын шығарып, дәрежесін өсіретіндіктен, оған қатысу абырой да саналған. Жеңімпаз батырлар әскердің, елдіңұранына айналып, жекпе-жек айқастарда қаза болғандардыңесімдері өзі шейіт болған жерге қойылып, елі үшін жанын пида қылған ерлер есімі кейінге сақталып қалатын [1;208] .
 




Скачать