Феохромацитома. Эпидемиологоия. Феохромацитома-Артериальдық гипертонияның себептерінің бірі болып табылады.Диастолалық қысым үнемі жоғары баолытын науқастардың 1 пайызында осы ісік кездеседі.Көп жағдайда феохромацитома анықталмай қалады да,жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың өлім себебі болады. Феохромацитома-қатерсіз ісік,ол симпатоадренал жүйесінің хромафинді клеткаларынан дамиды.90 пайыз жағдайда феохромацитома бүйрек үсті безінің милы қабатынан дамиды,8 пайыз жағдайда аортальді бел параганглилерінде пайда болады.Сирек ісік бүйрек үсті безінен тыс орналасады:2 пайыз жағдайда – кеуде және құрсақ қуысында,0,1пайыз жағдайда мойын аймағында орналасады. Сонымен қатар интраперикардиальді және миокардиальді феохромацитомалар анықталаған, олар көбінесе сол жүрекшеде орналасады. Феохромацитома кез келген жаста дпайда болуы мүмкін,жиі 20-40 жас аралығында.Ересек әйелдер мен еркектерде бірдей дәрежеде кездеседі,ал балалардың арсында 60пайыз жағдайда ер балалар ауруға шалдығады.10 пайыз жағдайда феохромацитома тұқым қуалайды,70 пайызда феохромацитома екі жақты болады.10пайызы қатерлі болып келеді,олар бүйрек үсті безінен тыс орналасып,дофамин бөледі. Патогенез. Феохромацитома-инкапсуляцияланған ,жақсы васкуляризацияланған ,диаметрі 5 см,салмағы 70 граммға жуық ісік.Бірақ феохромацитома әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін.Ісік көлемі,қандағы катехоламиндер мөлшері және клиникалық көрініс арасында сәйкестік болмайды.Ұсақ ісік катехоламиндердің көп мөлшерін синтездеп ,қанға бөліп шығарса,үлкен ісік катехоламиндердің аз мөлшерін синтездеп ,қанға бөліп шығаруы мүмкін.Көінесе феохромацитома адреналинді және басым мөлшерде норалреналинді бөліп шығарады.кейбір ісік тек қана норадреналинді бөлуі мүмкін.Сирек басым катехоламин болып дофамин табылады.
Скачать |