Акушерлiк


Әйелдер кеңес орындарының негізгі мақсаттарының бірі — жатырдағы нәрестенің денсаулығын түрлі аурулардың әсерінен қорғай отырып, перинаталдық өлім көрсеткіштерін кеміту. Жатырдағы нәрестенің дұрыс өсіп жетілуіне анасының денсаулығы, жүктіліктің асқынулары, нәрестенің туа болатын, тұқым қуалайтын аурулары, қоршаған ортаның тазалығы үлкен әсер етеді. Сондықтан кеңес орнында жүрек-қан тамыр, екпе, бүйрек т. б. аруларымен ауыратын жүктілііктері асқынған, жасы отыздан асқан әйелдерді ерекше қауіп-қатер тобына бөліп, диспансерлік бақылауға алады. Диспансерлік бақылауды 12-ші жұмаға дейін жүргізу қажет. Жүкті әйел тұңғыш рет кеңес орнына келгенде, жүктілік мерзімін анықтай отырып, қажетті тексеруден өткізіп, жатырдағы нәрестеге төнетін қауіп-қатердің себептерін О. Г. Фролованың кестесі бойынша есептейді.
Нәрестеге қауіп-қатер туғызатын перинаталдық факторлар:
I. Әлеуметтік тіршілік жағдайы.
II. Акушерлік-гинекологиялық мәліметтер нәтижесі.
III. Ананың жыныс мүшелерінен тыс аурулары.
IV. Жүктіліктің асқынуы. .
V. Ұрықтың және нәрестенің хал-күйі.
I. Әлеуметтік тіршілік жағдайында нәрестеге қауіп-қатер туғызатын негізгі себептердің бірі ол әйелдің жасы. 40 жастан кейін перинаталдық өлімнің қаупі 4 есе, ал 20 жасқа дейін 2 есе өседі. Ерінің жасы 35—40 жастан асқан жағдайда нәрестенің іштен кемтар болып тууы
жиіленеді. Сонымен қатар әйелдің зиянды ендіріс орнында істеуі, арақ-шарап, темекі қолдануы ұрыққа және нәрестеге теріс әсерін тигізеді.
II. Жүкті әйелден мәлімет алған кезде, соңғы жүктілік нешінші екенін, алдыңғы жүктілік және екіқабат кезінде жүрек, бүйрек және басқа ағзалардың жалпы жағдайы, барлық босану жолдары, босанғаннан кейін қандай ауруларға шалдыққаны анықталады. Көп босанған
әйелдерде перинаталдық өлім екі-үш есе жиі кездеседі.
Сонымен қатар бұрын медициналық көп түсік тастаған
ойелдерде немесе өлі бала туған жағдайда соңғы жүктіліктің асқынуы жиілейді.
III. Жыныс мүшелерден тыс аурулардың ішінде көбінесе іштегі нәрестеге зиянын тигізетіні ревматизм мен гипертония ауруының II—Ш-ші сатысы. Сондықтан мұндай әйелдер ерте кезден диспансерлік есепке алынуы керек. Себебі дәрігер жүктілікті ары қарай созу мүмкіндігінің бар жоғын уақытында шешуі тиіс. Жүрек ауруымен ауыратын аналар перзентханада алдын ала заңды түрде үш рет мына мерзімдерде жатуы тиіс бірінші рет үш айға дейінгі мерзімде, екінші рет 26—32 жүма аралығында, үшінші рет босанар алдында.
Жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын әйелдерде жүктілік көбіне гестозбен (токсикозбен) асқынады. Сондықтан, осы топқа жататын әйелдерді ерекше тексере отырып, жатырдағы нәрестенің жай-күйін (ҚТГ, ЭҚГ) бақылап, өз уақытында тиісті шараларды қолданудың маңызы зор.  




Скачать