Гипогалактия - лактация кезінде сүт бездерінің секреторлы қабілетінің төмендеуі. Гипогалактияның алғашқы белгілері: нәрестенің мазасыздануы, әсіресе емізгеннен кейін, зәр шығаруының сиреуі, іш қатуы, дене салмағының аз қосылуы. Гипогалактияның келесі түрлерін ажыратады: 1. Ерте гипогалактия – босанғаннан кейін он күнде көрінеді. 2. Кеш гипогалактия – босанғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін көрінеді. 3. Біріншілік гипогалактия. әдетте, дені сау әйелдің гормоналды өзгерістерімен байланысты болады. Анасында нейроэндокриндік бұзылыстарға әкелетін жалпы инфантильдік, эндокриндік аурулар фонында дамиды. Емге нашар көнеді. Мұндай жағдайда нәрестеге уақытында емізгенге дейін қосымша тамақтандыру керек. 4. Екіншілік гипогалактия. Анасының соматикалық және басқа ауруларыфонында, ауыр босанудан кейін , психикалы жарақаттан кейін, дұрыс тамақтанбау салдарынан дамиды. Қалған жағдайда лактацияның төмендеуі әртүрлі себептермен шақырылуы мүмкін. Олардың ішінде негізгілері болып әйелде лактация доминантасының болмауы, сирек тамақтану, нәрестені омырауға дұрыс қоймау, жағымсыз жанұялық жағдайлар, стресс табылады. Нәрестенің тәуліктік қажеттігіне байланысты сүт жетіспеушілігінің айқындылығына қарай гипогалактияның 4 дәрежесін анықтайды: I – 25 %-дан аз жетіспеушілік II – 50 % -ға дейінгі жетіспеушілік III – 75 %-ға дейінгі жетіспеушілік IV – 75 %-дан жоғары жетіспеушілік
Скачать |