Иммунология
Күрделі және көпкомпонетті болып келетін , организмді бөгде заттардан қорғайтын жүйесі – иммунды жүйе бір жарым ғасырдай зерттелініп келеді. Айта кететін бір жайт, иммунология даму тарихы білімнің біртіндеп жиналуымен ғана сипатталмайды. Тіпті, кейде қалыптасып қалған ұғымдарды мүлдем ауыстыруға келтіретін жаңалықтар шығып отырды. Оның бірі - өткен ғасырдың ортасында ашылған , организмге енген клеткаларға спецификалық түрде жауап беретін Т- және В- лимфоциттердің ашылуы. Бұл фундаменталды жаңалық арқасында клиникалық иммунологияға жаңа көзқарас қалыптасты , енді барлығы да судан анық көрінді, тек білімді тереңдете түсу ғана қалғандай болды. Алайда ғасырлар тоғысында рецептрлерді танушы жаңа белоктар тобы табылды, ол иммунды жүйенің жұмысы жайлы түсінікті тағы да өзгертті. Әрине ол өз кезегінде практикалық медицинаға өзінің маңызды жемістерін әкеледі,мәселен,организмнің инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылататын дәрілік заттарды дұрыс таңдауға және ауыр да қауіпті ауруларды емдеуге көмек етеді. Скачать |