Кәсіптік химиялық агенттер


Ана-ұрық жүйесіне жүктілік кезінде сыртқы ортаның әртүрлі факторлардың әсері.
  Ана-ұрық жүйесіне жүктілік кезінде сыртқы ортаның әртүрлі факторлары тұрақты түрде әсер етеді. Осы факторлардың әсерінен ана ағзасы мен ұрықтың арасындағы физиологиялық қарым-қатынастардың ағымы өзгереді, нәтижесінде патологияның әртүрлі формалары дамиды. Ана мен ұрық ағзасында патологиялық реакциялардың әртүрлі формасын шақыра алатын сыртқы орта факторларының арасында әртүрлі химиялық агенттер, иондаушы радияция және дәрілік заттардың маңыздылығы жоғары. Сонымен қатар никотин мен алкоголь де ана мен ұрық ағзасына зияңды әсер етеді.
  Жалпы іштегі ұрық пен бала жолдасына зақым келтіретін факторларды бес топқа бөлуге болады:
1. Биологиялық және әлеуметтік факторлар (әке-шешесінің жасы, жұмыстағы зияңды факторлар, арақ, темекі, стресс және т.б. ).
2. Өткен акушерлік өміріндегі өзгерістер (алдыңғы босанудағы зақымданулар, бедеулік, жатыр ақаулары).
3. Соматикалық аурулар (жүрек, бүйрек аурулары, эндокринді аурулар, жұқпалы инфекциялар).
4. Осы жүктілік кезіндегі асқынған аурулар (қан кету, гестоз, резус сәйкессіздік, жүктіліктің үзілу қаупі).
5. Іштегі бала мен кіндіктің аурулары.
  Кәсіптік химиялық агенттер. Қазіргі кезде кәсіптік өңдірісте барлық әйелдердің 50 пайызы жұмыс істейді. Синтетикалық каучук өңдіретін, синтетикалық талшықтар, пластмас өңдіретін зауыттарда, химико-фармацевтикалық өңдірісте жұмыс істейтін әйелдер пайызы салыстырмалы түрде жоғары. Өңдірістік жұмысқа байланысты заңдылық зияңды мекемелерде әйелдер жұмысын шектеу мен жүкті әйелдерді басқа, қауіптілігі төмен цехтерге ауыстыруды талап етсе де, бұл шаралар ана мен ұрық ағзасына токсикалық химиялық агенттердің әсерін толығымен шектемейді. Әртүрлі химиялық агенттер ұрық ағзасына жанама түрде, ана ағзасында өзгерістер шақырып, және тікелей, плацента арқылы өтіп, зияңды әсер етеді. Бірнеше жүз осындай химиялық қосылыстардың ішінде айқын эмбриотоксикалық қасиетке келесілері ие: қорғасын, мырыш, фосфор, бензол, көміртегі оксидтері, никотин және т.б. 
  Синтетикалық каучук өңдірісі ағзаға этил спиртінің, ацетилен, бутан, этилен, бензол, стирол, хлоропреннің және басқа синтездің токсикалық өнімдерінің әсерімен байланысты. Вискозды талшық өңдірісінде әйел ағзасына күкіртсутегі, күкірткөміртегі, күкіртті газ және күкірт қышқылының аэрозолі зияңды әсер етеді. Клиникалық бақылау мен тәжірибелер нәтижесі бойынша, бензин жатыр тініне терең еніп, миометридің жиырылғыш активтілігін төмендетеді. Ол плацента арқылы тез өтіп ұрықтың мүшелері мен тіндерінде анықталуы мүмкін, әсіресе оның ми тінінде. Фенол және оның туындылары имплантация процессін тежеу қасиетіне ие, ұрықта даму аномалияларын шақырады. Күкірткөміртегі де плацента арқылы активті өтеді, ол эмбриональді тіндерде және емізуші әйелдің сүтінде анықталады. 




Скачать