Онкологиялық көмекті ұйымдастыру


Қазіргі заман жағдайында онкологиялық көмекті ұйымдастыру статистикалық және эпидемиологиялық деректерді талдау арқасында қатерлі ісіктің таралуын болжау жүйесіне негізделеді. Болжау жүйесі онкологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесінде ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға және басқаруды ұйымдастыруда өмірге сай жобалар жасауға көмек береді. Квалифицирленген онкологиялық көмекті беру үшін онкологиялық қызмет мекемелері материялды-техникалық жабдықталған (аппараттар, реактивтер, дәрі-дәрмек, т.б.), арнайы даярланған кадрлары бар , және де ақпараттық жабдықталған (қатерлі ісікпен ауру және өлім көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау методологиясы болу , диагностикалау, емдеу , жалпы ем жүйесімен байланыс, санитарлы –ағарту жұмысынан тұрады) , онкологиялық мекемелер болуы керек. 
 
  Онкологиялық қызметтің негізгі міндеттері : 
1. Онкологиялық ауруларды және науқасты есепке алу.
2. Қатерлі ісікпен ауру және одан өлу анализі.
3. Онкологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсету.
4. Диспансерлік бақылау ұйымдастыру. 
5. Онкологиялық қызмет жұмысының анализі.
6. Территориалды қатерлі ісікке қарсы бағдарламалар жасау . 
7. Қатерлі ісікті ерте анықтауға бағытталған шаралар ұйымдастыру және өткізу жөнінде әдістемелік нұсқауларды орындау .
8. Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында санитарлы –ағарту жұмыстарын жүргізу.

Онкологиялық қызметтің негізгі құрылымдық бөлімі диспансер. Онкологиялық диспансер: республикалық , аймақтық, облыстық , қалалық, аудандық болады. Олар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің , облыстық , аймақтық, қалалық , денсаулық сақтау департаментінің қаармағында болады. 




Скачать