Тоқ ішек рак
Асқорыту жолының қатерлі ісіктерінің ішінде тоқ ішек рагі асқазан мен өңеш рагынан кейін үшінші орны алады. Тоқ ішек рагының жиі кездесуіне қарамастан науқас адамдардың көбі емханаға ісік асқынынып кеткенде түседі.Диагноздың уақытында қойылмауының себебі ісіктің клиникасының көп түрлі болуына және ерте белгісінің айқын болмауына байланысты.Екіншіден , көптеген дәрігерлердің тоқ ішектің әр бөлігінде орналасқан ісікке тән клиникаларымен жөнді таныс болмауында. Этиологиясы мен патогенезі.Рак ауруының пайда болуында физикалық және химиялық факторлардың әсетрі көп.Оның ішінде қатпа пайда болып, нәжістің ішекте ұзақ іркілуінің әсері ерекше.Нәжістің ұзақ іркілуіне ішек бойында қабынудың әсерінен пайда болған бүгілістер, кеңулер себеп болады.Ұзақ уақыт болған қатпа ішектің шырышты қабатын жарақаттауы мүмкін.Осы жарақатты болған жерге белокты заттардың ыдырауынан пайда болған канцерогенді (индол,скатол,фенол) заттар зиянды әсерін тигізеді.Нәжісте болатын көптеген бактериялардың шығаратын ферменттері белоктардың,фосфолипидтердің,май және өт қышқылдарының алмасуына қатысады. Осы бактериялардың флорасының әсерімен амин қышқылынан аммиак,нитрозамин,жеңіл қышқылдар пайда болып, бастапқы өт қышқылы қосымша қышқылға айналады. Өсімдік клетчаткаларында целлюлоза,гемицеллюлоза ,пектин сияқты тағам талшықтары болады.Бұл талшықтар нәжістің көлемін көбейтіп, ішектің жиырылуын жандандырады да, ішек қуысындағы нәжістің қозғалуын жылдамдатады.Онымен қоса өт қышылының тұздарын байлап, қышқылдың нәжістегі концентрациясын азайтады. Өркендеген мемлекеттердің халықтары кейінгі жылдары ірі клетчаткасы көп тағамдарды қолдануды азайтуда.Соның нәтижесінде ісік пайда болуға себеп болатын созылмалы және жаралы колит, полип секілді аурулар көбеюде. Скачать |