Қан дақтарын зерттеу


Қан дақтарын зерттеу айғақты заттарға сараптама жасаудың ең жиі кездесетін түрі болып табылады және осындай барлық сараптамалардың 80%-іне жуық болады. Қан дақтарына сот-медицина сараптамасын жүргізудің ерекше ауыр қылмыстарды: кісі өлтіруді, зорлауды, денеге жарақаттар салуды тергеген кезде зор маңызы бар.

Қан дақтары дұрыс табылып, сарапталған, ол алынып, арнаулы зерттеуден өткізілгеннен кейін ғана іс бойынша айғақты заттарға айналатындығын дөл көрсету қажет.
Қан дақтарын көлемі мен пішіні жағынан мынадай түрлерге бөлуге болады: 1)қан тамшысының жалпақ жерге тамғандағы дақтары; 2) қан тамшысының еңіс беткейге шашырауынан немесе тамуынан түскен дақ; 3) қанның аққан іздері; 4) қан ластаған және жұққан жерлер; 5) саусақтардың, табанның және басқа заттардың таңбалары; 6) түрлі заттарға сіңіп қалған дақ; 7) жайылған қан; 8) қан жуылған су мен басқа да сүйықтардағы қан іздері ("жуынды сулар").

Қан іздерінің көлемі мен пішініне қарап, олардың қалай пайда болғаны туралы, демек, оқиғаның белгілі бір мән-жайы туралы пікір айтуға болады. Мысалы, жалпақ жерге тамған қан тамшысының шашырау дәрежесіне қарап, оның қандай биіктіктен тамғанын байқауға болады. Ал қан еңіс беткейге тамғанда ол леп белгісі сияқты көрінеді, оның сүйір үшы тамшының тамған жағына қарап тұрады. Қан тік қабырғаға (затқа) тамғанда оның аққан ізі болады. Қан ластаған және жұққан жерлер қан тиген қолмен әлдебір заттарды ұстағанда, қан ізін сүлгімен, шүберекпен, т.б. сүрткенде пайда болады. Қанның жайылуы оқиға болған жерді қарардан бұрын көп қан аққанын дәлелдейді, т.т.




Скачать