Ұлыбритания - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы


 

Ұлыбритания­­-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).

Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.

50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері  Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30 жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО-ға қосуға жәрдемдесті.

Британ империализмінің капиталисттік дүниенің саяси, экономикалық және ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күреске тығыз топтастыруға ұмтылуы Ұлыбританияның АҚШ-қа кіріптарлығын күшейтті. Оның территориясында АҚШ-тың соғыс базалары пайда болды. Ұлыбританияның экономикасына Америка капиталы кеңінен ене түсті, елдің сыртқы қарызы көбуйді. Соған қарамастан, Вильсон бастаған лейбористер үкіметі жанталаса қарулануға қыруар қаржы жұмсады, мұның өзі Ұлыбританияның финанс қиыншылығын онан әрі өршітті. 1967 жылы фунт стерлинг соғыстан кейін екінші рет құнсызданды. Ұлыбританияның прогресшіл күштеі бейбітшілік жолында, билеуші топтардың империалистік сыртқы саяси бағытына қарсы белсене күресіп келді. 60 жылдарыдың соңы мен 70 жылдардың басында Ұлыбританияда ереуіл қозғалысы өріс алды. Солтүстік Ирландияда әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті жою, азаматтарға тең құқық беру жолында еңбекшілер бас көтерді.




Скачать