Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы


 

Жоспар

 

1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты

 

2. Англияның протекторатының орнауы

 

3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын – орыс қатынасы

 

4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары

 

5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді  отарлық бөлісудің аяқталуы

 

 

 

Еуропалық державалардың отарлау саясаты

 

 

 

Осман империясы үшін капиталистік мемлекеттердің таласы.

 

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.

 

Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.

 

Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.

 

Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін тұйықталу саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды. Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады.




Скачать