Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру


Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

 

ӘОҚ 658.5:330.341.1:338.242                          Қолжазба құқығында НҰРҒАЛИЕВА ҚҰРАЛАЙ ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде) 08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары мен сфералары бойынша) Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2008  

Жұмыс Халықаралық Бизнес Университетінде орындалған Ғылыми жетекшісі   экономика ғылымдарының докторы, профессор А.М.Сейтқазиева Ресми оппоненттер экономика ғылымдарының докторы, профессор  А.Н.Саханова экономика ғылымдарының кандидаты, Е.Қ.Әбіл Жетекші ұйым   Қазақ Ұлттық аграрлық университеті Диссертация « 17 »  « сәуір » 2008 ж. сағат 16.30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 20.01.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 А, 208 б. Халықаралық Бизнес Университеті. Диссертациямен Халықаралық Бизнес Университетінің кітапханасында танысуға болады. Автореферат 2008 жылдың «_14_»  наурызында  таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, э.ғ.д., профессор       М.Х.Түссева   КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.  Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді. Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді. Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу. Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.  Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды. Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді. Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы «жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей бірігуі» туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды, өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес  келуі автоматты түрде іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық қатынастарға байланысты болды. Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы  жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ. Отандық экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделер, еңбекке ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған. Зерттеу тақырыбына сәйкес экономикалық теория және экономика ғылымы әдістемесінің жалпы мәселелері бойынша, мысалы Абалкин Л.И., Гойло В.С., Горланов Г.В., Дзарасов С.С., Колесов Н.Д., Куликов В.В., Ракитский Б.В., Рязанов Т.В., Столяров И.И., Черкасов В.Н. және т.б. еңбектері өте маңызды,  әрі олар жиі пайдаланылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбек мәселесінің ғылыми базасын жасауда мынадай ғалымдар: Смит А., Друкер Г., Маркс К., Мэйо Э., Розенберг А., Саймон Г., Вильховченко Э.Д., Волгина Н., Кокина  Ю.П., Ржаницина Л.С., Рофе А.И., Рудык Э., Слезингер Г.Э., Яковлев Р.А.,  т.б. үлкен үлес қосты. Қазақстандық ғалымдардан тиімділікті арттыруды ынталандыру  және уәждеменің түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін, материалды мүдденің экономикалық қызығушылығын, қажеттіліктері мен ынталандырмаларын негіздеу Әшімбаев Т.Б., Баймұратов О.Б., Оқаев Қ.О., Берішев С.Х., Мұхамбетов Т.И., Сағадиев К.Ә., Кенжеғожзин М.Б., Қошанов А.К., Сәбден О.С., Қадыржанов Е.К., Бердәлиев К.Б. және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Бірақ та, өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық ынталандыру шаралары, олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық зерделенбей отыр. Зерттелген жұмыстарда еңбекке ынталандырудың табиғатын айқындау кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар мен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша, мәселенің аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін арттырудағы  экономикалық ынталандыру мәселесінің практикалық мәні осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты постиндустриалық қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тиімділікті  экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау. Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды: –  қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу; –  экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара байланысын анықтау; –  экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу; –  постиндустриалды қоғамға тән экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі әдістемелік принциптерін анықтау; –  экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін макро-, мезо- және микродеңгейлерде талдау; –  постиндустриалық қоғамға өтуде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар ынталандырмаларын айқындау; –  постиндустриалды экономиканың даму талаптарына сай әлеуметтік-экономикалық саланы түрлендіруге бағытталған ұсыныстар беру. Зерттеу объектісі ретінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің кәсіпорындары алынды. Зерттеу пәні  қазіргі постиндустриалық парадигма талабына жауап бере алатын экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі.  Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сонд 



Скачать