Өзара шарттық бағалар
Өзара шарттық бағаларТіркеу тәсіліне байланысты бағаның бірнеше түрін ажыратамыз: Қатаң (тұрақты, тіркелген, кенілденген, fixed price) баға өзара шартқа қол қою сәтінде бекітіледі, оның қызмет етуінің барлық мерзімінде өзгеріске ұшырамайды және де тауар ағымымен жабдықтау реттілігі мен мерзіміне тәуелді емес. Мұнда «баға қатаң, өзгеріске жатпайды» Қозғалысты баға (fleixble price) - өзара шарт жасалғанда тіркелінетін баға, осы тауардың нарықтық бағасы оны қою сәтіне дейін өзгерітіндей болған жағдайда қайта қарастырылуы мүмкін баға. Бұл баға төмендеу немесе жоғарлау өзгерісіне ұшырап отырады. Сырғанақ баға (sliding price) - өзара шарттың орындалу мерзімінде болатын өндірістік шығындар өзгерісін есепке ала отырып базистік бағаны қайта қарастыру жолымен өзара шарттың орындалу кезіндегі есептелінетін баға. Егерде өзара шартпен жабдықтаудың бөлшектік түрі қарастырылса, онда баға әр қойылымға жекелей есептеледі. Өзара шарттың орындалу үдерісіндегі тіркелінетін баға (қалқушы, реттелінуші, икемді), тауардың әр топтамасының жеткізілімі алдында өзара шартқа қатысушылармен немесе (ұзақ мерзімді өзара шарттарда) кезекті шаруашылықты-қаржылық жылдың басында нақтыланады. Өзара шарта бағаның деңгейін анықтауда қағидасы мен беркіту (тіркелу) шарты келісіледі. Жарияланымды баға – арнайы және фирмалық ақпараттар көздерінде көрсетілетін бағалар. олар белгілі бір өнім бойынша ірі жабдықтаушылардың әлемдік бағасын айқындайды. Мысалы, алюминий мен астыққа әлемдік баға болып Канада бағасы; кесуші материалдарға – Швеция экспорттық бағасы; каучукке – Сингапур биржа бағасы; шәй үшін – Калькутта, Коломбо, Лондон аукцион бағалары негіздік сипатта саналады. Анықтамалық баға – ішкі көтерме немесе сыртқы сауда тауарлар бағасын танытады және олар әртүрлі баспаларда, экономикалық газет пен журналдарда, арнайы бюллетендерде, фирмалық каталогтар мен прйскуранттарда жарияланады. Анықтамалық бағалар номиналды болуы мүмкін, яғни, нақты коммерциялық операциялармен байланысты емес, немесе өткен апта не ай ағымында атқарылынған операцияларды айқындаушы ретінде болуы мүмкін. Биржалық баға немесе биржалық котировка (баға белгілеу) - биржалық келісімнің объектісі болып табылатын тауар бағасы. Мұндай бағалар негізінен нақты мәмілені айқындайды. Биржалық котировкалар өз соңынан нақты мәмілелерді туындатпаған жағдайда оларды жарияламас бұрын баға алдына котировканың номиналдығын айқындайтын «Н» индексі қойылады. Орташа экспорттық және импорттық бағалар тауар массасының оның физикалық шамасына бөлу арқылы алынатын сыртқы саудалық статистика мәліметтері негізінде есептелінеді және де анықтамалық бағаларға қарағанда сенімді индикатор баолып саналады. Нақты мәміле бағалары өзара шарттық баға деңгейін анықтау үшін объективтік критерии болып табылады. Ірі фирмалар ұсыным бағасы мәні бойынша анықтамалық баға сипатын иемденіп, тауар жеткізілімі бойынша монополдік тұрпатты айқындайтындықтан, нақты мәміле бағасына қарағанда айтарлықтай дәрежеде емес, бұған себеп, өзара шарттық баға үшін тиесілі болатын, мәміле жасасу кезінде келісімдік нәтижесінде |