Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері




Скачать

Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері

 

 

Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық-экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады

Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнауда әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын. Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика мин. құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экон. қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көл. 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экон. және технол. көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты.

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:

  • Экономиканы мемлекет иелігінен алу

  • Жекешелендіру

  • Кәсіпкерлікті дамыту

  • Монополияны жою

  • Бағаны босату

  • Қатал ақша-несие және қаржы саясатын жүзеге асыру

  • Құнсыздану қарқынын реттеу

1990 жылдары нарықтық қатынастардың дамуындағы негізгі экономикалық тенденциялар:

    1. жекешелендіру

    2. монополоиялық басқару құрылымын тарату

    3. қарыз ақша және қаржы саясатын қауырт жүзеге асыру

    4. еркін баға.

Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемл. билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемл. егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орт. органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемл. кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түстi. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуына қарай бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Олардың басты мақсаты - тұтыну салығын әлемдік нарықтарда бәсекелестік қабілеті бар саланы тауармен толтыру үшін экономикаға жетілдірілген техникалар мен жабдықтарды, материалдық және қаржы қорларын, басқару тәжірибесін өндірістік-техникалық тұрғыдан және халық тұтынатын тауарлар шығаруға айтарлықтай үлес қосады.

1995 жылы Қазақстан Республикасында әлімнің 34 елінің: АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Италия, Чехославакия, Ұлыбритания, Франция, Швейцарияның фирмаларымен екі мыңнан астам жаңа бірлескен кәсіпорындар тіркелген.

Қазақстан экономикасындағы күрделі мәселе - өз өнімдерімен тұтынушыларға шарт қоятын ірі кәсіпорындармен бірлестіктердің үстемдік етуі (монополизм) еді. Сондықтан бірлескен кәсіпорындар құру белгілі бір мөлшерде осы монополизммен күресудің бір құралы болды. Ең алдымен, шетел тәжірибесіне сүйене отырып, бірлескен кәсіпорындар ішкі нарықты мемлекеттік кәсіпорындар мен сәтті, табысты бәсекелесе алады және шығарылатын өнім сапасы мен түрлеріне әсер етеді.

Қазақстан аумағында мұнай, газ өндіру мен және өндеумен айналысатын бірлескен кәсіпорындар пайда болды, мысалға, “Шеврон” Америка фирмасымен “Теңіз-Шеврон” бірлескен кәсіпорындар құрылды. Теңіз бен Корелевск кен орнын бірлесіп игеруден түскен валюта (қаржы) Қазақстанның үдемелі даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады.

 

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеудi қамтамасыз ету.

Бiрiншi кезең Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экон. саясат өрiстеп кете алмады.

90-жылдардың басында ҚР-ның экон. саясаты соц. экон. жүйенi өзгертуге және ұлттық нарық