ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КЕМЕЛ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛДІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КЕМЕЛ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛДІГІ

 

Қазақстан Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мем­лекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құр­мет­телетін тәуелсіз ел туралы арман­дарының осы заманғы құқықтық түсінік­те­рін бейнеледі.

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ҚР Президенті)

 

Қазақстан халқы осыдан 15 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында  жаңа қадам жасап, жана Конституцияны қабылдады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы  1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды.[ Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл).]  1998 және 2007 жылдары Конституцияға  елеулі  өзгерістер енгізілді.  Бұл  оқиға сол кезде қазақ халқы үшін, біздің мемлекетіміз үшін үлкен қуанышты жағдай болды. Өйткені, Кеңес Одағының құрамында жүргенде біздің Республикамыздың Конституциясы Одақтық Конституцияның сарынымен жасалып, сол арқылы жұмыс істейтін. Ал бұл Қазақстан дербес мемлекет болып құрылған соң қабылданған, реттелген, бірізділікке келтірілген Конституция болды. Ол Конституцияның ең бірінші ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы еді. Яғни, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берген Конституция болды. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Атазаңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік. Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәти­же­сінде  аз ғана уақыттың ішінде  тұғыры берік, туы биік  мем­лекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция  біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды.[2] Елбасымыз айтып өткендей, Атазаң – мемлекеттік биліктің қай­нар көзі – халықтың өзі екенін ай­қын­дады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Француз ойшылы Шарль Монтень “ең жақсы мемлекеттік құрылым — бұл халықты тұтас бірлік ретінде сақтай алған құрылым” екенін атап өткен. Негізгі заң халыққа түсінікті де мағыналы түрде баяндалған. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады. Аталған заңнама осындай ұлан ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып,тату тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады. Оның айқын дәлелі, елімізде қазіргі таңда 140 этнос пен 46 діни қауымдастық келісім мен достықта өмір сүріп отыруы. Осы негізде басты конституциялық қа­ғидаттар – бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық, бүкіл халық игілігі жолындағы экономикалық даму қамтамасыз етіледі. Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мем­лекеттік институттардың мызғымастығы. Бұл мақ­сатқа Конституцияның арқасында қол  жеткізілді. Елімізде  халықтың барынша ба­сым қолдауы жағдайында күшті прези­дент­тік би­лік орнықты. Мемлекеттің қа­лыптасуы, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаң­ғырту жағдайында жоғары биліктің әлсіз болуға құқығы жоқ. Барлық мәселелер біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының өзара ықпалдастығы туралы қатаң конститу­циялық қағидаттар негізінде шешілді.Конституциялық заңдылықты қамта­ма­сыз етуде Конституциялық Кеңес ма­ңызды рөл атқарады. Оның қызметі – қазақстан­дық заңнаманың Негізгі Заңның рухы мен қарпіне сәйкестігінің сенімді кепілі.Конституция қоғамның демократия­лық әлеуеті өсуінің сенімді негізі болды. Бұл – көп­ұлтты халыққа, оның тілдері, діндері мен мәдени қажеттіліктері туралы қам­қорлық. Негізгі Заң Қазақстанның сыртқы сая­сатының басты қағидаттарын – теңдес­тіру­шілікті, салиқалылықты, достастық қатынасты, көпвектор­лықты орнықтырды.  Конституциямыз барлық адамдардың теңдігін, құқықтарының біркелкілігін қамтамасыз етеді.[2] Соның ішіндегі ерекше орын балалар құқығына, яғни ювеналды юстицияға тиесілі.

Атам қазақ ерте кезден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Сол себепті біз, яғни ертеңі мол еліміздің, елім десе елжіреп, халқым десе қасық қанын беретін азаматтары, ел болашағы жарқын болуы үшін халықтың құқықтары мен тәлімін ең алдымен жас өскелең ұрпақ — балалардан бастағанымыз жөн. Жастар  – кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мен жағымсыз әдеттерге бой алдырмауына тыйым салу бүгіннен басталады. Ал осы міндетті жеткілікті деңгейде орындамаған жағдайда бұл ахуал ушығып, қоғамымыздың басты мәселесіне айналуы мүмкін. Сондықтан мамандар қылмысқа бой алдырған жеткіншектерді дұрыс жолға салып, олардың әлеуметтік қалыптасқан жағдайларын дер кезінде сараптан өткізіп тұруы тиіс. Алайда, бұл салада кейбір жауапты тұлғалардың немқұрайлылығы салдарынан жасөспірімдер қараусыз қалып, тәртіп сақтамау, қылмыскерлерге еліктеу және солардың әдеттерін жұқтырып алып жатады. [11] Бүгінгі таңда еліміздегі барлық азаматтарды алаңдатып отырған жағымсыз құбылыс соңғы жылдары жасөспірімдердің кісі өліміне қатысты қылмыстарының санының еселеп кетуі. Оның ішінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген мектеп оқушылары кәмелетке толмай жатып, адам қанын мойындарына жүктеп отырған деректер көптеп кездеседі. Адам өмірінің құнын бағаламайтын жеткіншектердің ертеңгі күні қандай азамат болып өсетіндігі барлығымызды алаңдататындығы белгілі. Батыстың киноларындағы мылтық кезеген «батырларына» еліктеген бұзық жастар  қазір аса қатыгездікпен  қылмысты көптеп жасауда. Бейбіт күнде қару асынып, көшеде бейқам жүрген балалардың бассыздығы осы мәселеге жауапты құзыретті органдардың дәрменсіздігінен және жауапсыздығынан орын алып отырғанын айтпай кету жөн болмас.[12] Алайда, ерте кездің даналары  жайдан жай «шешілмейтін дау болмас,жеңілмейтін жау болмас» деп айтпаса керек. Бұл мәселенің де өз шешімі, өз ұшығы бар. Бүгінгі таңдағы оның заңды көрінісі –ювеналды юстиция.

Ювеналды юстиция— кәмелет жасқа  толмаған азаматтардың ісімен айналысатын заң саласының бір тармағы (балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарастырып, сараптама жүргізу).[6] Қазіргі таңда көптеген батыс елдерінің сот жүйесінде қолданылады.  Балалардың  құқығын және заң жүзіндегі мүдделерін қорғау – бұл Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының негізгі  бағыттарының бірі. Ювеналды юстицияның пайда болу уақыты ерте кезден бастау алады. Оның бастамасы  балалар үйіндегі жасөспірімдерге қолданылатын заң жүйесі жетілдіріліп, барлық жеткіншектерге қатысты қолданыла бастауынан негізделеді. Бұл  әдіс қылмысқа қатысты қолданылатын дәстүрлі жазалау жүйесінің бір бөлігіне айналды. Алайда аталған әдіс дұрыс емес еді. Өйткені  кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыстар классикалық тәсілдегі, Чезаре Беккарияның тұсында қалыптасқан жазалау арқылы өтелетін қылмыстық- құқықтық  заң бұзушылық емес,  қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты  және реабилитацияны қажет ететін қоғамда жүріп жатқан кемшілік ретінде қарастырылуы тиіс еді.[13] Негізінен алғанда  балалардың құқығын қорғау,  кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот ісін жүргізу жаңадан енгізіліп жатқан дүние емес. Тіпті  Рим құқығының орта ғасырларда жүргізілген құқықтық актілерінде, XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропа елдерінің бірқатарының заңнамаларында  жасөспірімдер тарапынан жасалынатын қылмыстарды ерекше жағдай ретінде қарастырып, жасаған қылмыстарына қатаң жазадан қорғауға талпыныс жасағаны белгілі.[13] Кәмелет жасқа толмағандарға арналған ең алғаш рет арнайы  пенитенциарлық мекеме ұйымдастырған Италияның шіркеуі мұндай қадамға барған алғашқы еуропалық ел еді. Римде Папа Клемент XI өзінің жарлығы бойынша,  жасөспірімдерге арналған түзету үйін ашты. Ол үй Сан-Мишель дап аталып, Папа Клемент XI өзі балаларға арналған түзету ережелері мен тәртіптің негізін бекітті.Алайда  кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты заңнаманың жоқтығын тіпті XIX ғасырдың басында көптеген елдерде кездестіруге болатын еді.

Біздің еліміз 1994 жылғы 8 маусымда балалар мен ересектердің дүние танымын өзара реттейтін және балалыққа қатысты жаңа этиканы анықтайтын, ережелері мен принциптері халықаралық құқықтық нормалардың күшіне иеленген, бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.Соған сай Қазақстан Республикасының басқа да балалар мен жасөспірімдерге қатысты заңнамалары қабылданды. Қазіргі кезде Қазақстанда балалардың құқықтарын реттеу мен қорғаудың нормативтік-құқықтық базасын мынадай арнайы заңнамалық актілер құрайды:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы

2.Бала құқықтары туралы Конвенция

3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4. «Балалардың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Аталып өткен және қосымша тағы да басқа заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілердің, бағдарламалар мен конвенциялардың қабылданып, өз жұмыстарын атқаруы әрине қуанарлық жағдай. Алайда соның өзінде бүгінгі таңда «бала құқығы» мәселесі  әлі күнге өз шешімін толық тапқан жоқ. Қазақстан республикасындағы осындай проблемалардың бірі ювеналды юстиция мәселесі. ҚР конституция 



Скачать