Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету кәсіпорындарының қазіргі жағдайы


Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету кәсіпорындарының қазіргі жағдайы

 

Сауда Зерттеу нәтижелерінен көретініміз, 2005ж. I тоқсанда жалпы саудада конъюктураға қатысты түбегейлі өзгерістер болмаған. Оның ішінде: - өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда, сұраныс пен тауар айналымы көлемінің кемуі байқалған ұйымдар үлесінің шамалы артуы атап өтілді. - өзінің қаржылық ресурстарының артуын байқаған сауда кәсіпорындарының үлесі өсті. Сауда кәсіпорнының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен жылдың наурызында өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда (+13)%-тен (+12)%-ке кеміген.

Іскерлік белсенділіктің кемуін өткен аймен салыстырғанда зерттеу жүргізілген барлық сауда салалары кәсіпорындарының көптеген басшылары байқаған. Мысалы, көтерме сауда кәсіпорындарындағы кәсіпкерлік сенімділік индексі (+14)%-тен (+13)%-ке, бөлшек сауда – (+13)%-тен (+12)%-ке және сауда делдалдығы — (+10)%-тен (+9)%-ке кеміген. Тауар айналымының көлемі Тауар айналымы көлемінің өзгеруі туралы мәселе бойынша зерттеу жүргізілген сауда кәсіпорындарының 52% басшысы ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда, 28% — бұл көлемдердің өсу туралы және 20% — кемуі туралы (2004ж. бұл туралы 50%, 30% және 20%) хабарлаған. Осылайша, тауар айналымы көлемін бағалаудың өзгеру балансы 2005ж. І тоқсанында өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда (+10)%-тен (+8)%-ке кеміген. 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда сату көлемінің өскендігі туралы хабарлаған көтерме сауда кәсіпорын саны артқан. Сондай-ақ бөлшек сауда және сауда делдалдық кәсіпорындарында сату көлемінің төмендеуі байқалып отыр. Тұтыну тауарларына сұраныс динамикасы сату көлемінің өзгеруіне сәйкес келіп отыр. Көрсеткішті бағалаудың өзгеру балансының мәні ағымдағы жылдың І тоқсаныда (+4)%-ті құрады. Сауда кәсіпорындарының қоймадағы қорлар жағдайы ағымдағы жылдың I тоқсанында жеткілікті түрде тұрақты болып қалып отыр. Соның ішінде, сауда фирмаларының үлесі, кәсіпкерлермен “қалыпты” (барабар сұраныс) деп сипатталған қорлар деңгейі, ағымдағы жылдың I тоқсанында 84%-ті құраған, бұл 2004 жылдың І тоқсанына қарағанда 3 пайыздық пунктке жоғары. Сауда кәсіпорындарының көп бөлігінде (78%) өткізілетін тауарлар ассортименті ағымдағы жылдың І тоқсанында өзгеріссіз қалып отыр. Көрсеткіштер бағасының өзгеру балансы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегідей (+12)%-ті құрап отыр. Меншікті қаржылық құралдарымен қамтамасыз етілу және еңбекпен қамтылу жағдайы көптеген сауда фирмаларында тұрақты сақталған, бірақ өзгерістер болған кәсіпорындардың кейбір тобында ол оң бағаға ие болды. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда, көптеген респонденттердің бағалауы бойынша, тауарлардың негізгі топтары бойынша орта есеппен бағалардың өсу қарқынының ары қарай кемуі байқалады. Мысалы, 10% респонденттер тауарлардың негізгі топтары бойынша баға өсімін, 84% — өзгермеуін және 6% — олардың кемуін (2003ж. IV тоқсанда бұл туралы 10%, 83% және 7% хабарлаған) байқаған. Тауарлардың негізгі топтары бойынша орташа есеппен бағаның өзгеру балансы ағымдағы тоқсанда өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда (+3)%-тен (+4)%-ке өскен. Респонденттердің бағалауы бойынша, ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда, тауарлардың негізгі топтары бойынша бағалардың өсуін байқаған сауалнама жүргізілген сауда делдалдық кәсіпорындар басшыларының үлесі артқан. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарлардың негізгі топтары бойынша бағаларға қатысты елеулі өзгерістер болмаған. Сауда кәсіпорындарының көпшілігіндегі (84% астам) сауда жүктемесі ағымдағы жылдың І тоқсанында өзгермеген. Сауалнама жүргізілген кәсіпорындар басшыларының көбі (85%) ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда, тауа аналымы көлемінде отандық және импорттық тауарлар арасында өзгерістер болмағандығын хабарлаған, 4% — өскендігін, 2% — кемігендігін хабарлаған (2004ж. І тоқсанында бұл туралы 83%, 5% және 3% хабарлаған). Ағымдағы тоқсанда сауалнама жүргізілгендердің жалпы санының 58% басшылар отандық тауарлар саудасын, 42% — импорттық тауарларды артығырақ көріп отыр. Респонденттердің үштен бірі (33%) сатудың аса пайдалы жағдайы себебінен бұл тауарлар саудасын дұрыс көреді, 30% — олардың тез айналымдығы, 23% — тауардың жақсы түрі, 19% — ұзақ сақтау себебінен және 32% — басқа себептермен. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда зерттеу жүргізілген кәсіпорындардың сауда желісі (сауда нүктелері және сауда алаңдары) біршама өзгерген. Мысалы, зерттеу жүргізілген кәсіпорындар басшыларының қомақты бөлігі (84%) ағымдағы тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың сауда желілері өзгермегендігін хабарлаған, 4% оның өсуін көрсеткен және 4% — сауда желісінің кемігенін (2004ж. І тоқсанында бұл туралы 85%, 4% және 3% хабарлаған). Қаржылық-экономикалық жағдай Сауда кәсіпорындарының көбінде (85% астам) меншікті қаржылық ресурстармен қамсыздануы ағымдағы жылдың І тоқсанында еш өзгермеген. Өзгерістер байқалған кәсіпорындар ішінде оң бағаға ие болған: бағалаудың өзгеру балансы (+3)%-ті құраған.

Зерттеу жүргізіліп отырған кәсіпорындарда дебиторлық және несиелік қарыздар қатысында ағымдағы жылдың І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда түбегейлі өзгерістер болмаған. Мысалы, 51% және 41% респонденттер дебиторлық және несиелік қарыздардың өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгермегендігін хабарлаған, 3% және 2% — олардың өсуі, 14% және 15% — бұл қарыздардың көбеюі туралы айтқан (2004ж. бұл туралы 50% және 41%, 3% және 4%, 15% және 16% хабарлаған). Ағымдағы жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда дебиторлық және несиелік қарыздарының өскендігін хабарлаған бөлшек сауда кәсіпорындарының саны көбейген. Көтерме сауда және сауда делдалдық кеңістік кәсіпорындарында бұл көрсеткіштерге қатысты өзгерістер болмаған. Сауда кәсіпорындарындағы жалпы экономикалық жағдай ағымдағы жылдың І тоқсанында тұрақты болып қалды. Соның ішінде, экономикалық жағдайы олардың басшыларымен “жақсы” және “қанағаттанарлық” деп сипатталған сауда кәсіпорындарының үлесі ағымдағы тоқсанда өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 96%-тен 95%-ке өскен.

Сондай-ақ әрбір төртінші респондент (25%) қалыпты жұмыс үшін шектеулердің жоқтығын байқаған. 2005ж. ІІ тоқсанында кәсіпкерлердің пікірінше, сауда кәсіпорындарының қызметінде оң процестер күтіліп отыр. Келесі үрдістердің дамуы болжанып отыр: - сұраныстың артуы; - тауар айналымы көлемінің өсімі; - тауар ассортименттерінің көбеюі; - кәсіпкерлердің қаржылық көрсеткіштерін көтеру; - еңбекпен қамту жағдайын тұрақтандыру.

Көлік 2005ж. наурыздың соңында 455 көлік кәсіпорындарына зерттеу жүргізілген, оның ішінде 9 кәсіпорын мемлекеттік меншікте, 440 кәсіпорын мемлекеттік емес меншікте және басқа мелекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде 6 кәсіпорын бар. Зерттеу нәтижелерінен көретініміз, 2005ж. І тоқсанында көліктегі конъюктураға қатысты түбегейлі өзгерістер байқалмаған. Соның ішінде: жүк және жолаушылар тасуға сұраныс пен тарифтердің төмендеуі байқалған ұйымдар үлесінің біршама артуы байқалды; еңбекпен қамтылғандарды, меншікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуді және экономикалық жағдайды бағалауда оң өзгерістер байқалған. 2005ж. І тоқсанында 2004 ж. І тоқсанымен салыстырғанда сауалнама жүргізілген көлік кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі қатысында елеулі өзгерістер байқалмаған. В частности, в I квартале 2005г. по сравнению с IV кварталом 2004г. о неизменности деловой активности на своих предприятиях сообщили 68% руководителей, о росте – 16% и о спаде – 16% (в IV квартале 2004г. об этом сообщали соответственно 64%, 15% и 17%). Мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындардың және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындардың көптеген басшылары өткен тоқсанмен салыстырғанда іскерлік белсенділіктің өсімін байқаған (бұл кәсіпорындардағы іскерлік белсенділікті бағалаудың өзгеру балансы (–3)%-тен 0%-ке, 0%-тен (+33)%-ке өскен). Сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарда іскерлік белсенділікті бағалаудың өзеру балансының +19%-тен -22%-ке төмендеуі байқалып отыр. Жүк айналымы. Жүк айналымы көлемін өзгерту туралы мәселе бойынша 2005ж. І тоқсанында 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда, сауалнама жүргізілген кәсіпорындардың 37% басшылары олардың өзгермегендігі туралы хабарлаған, 22% — өскендігін және 30% — жүк айналымы көлемінің төмендегенін хабарлаған (2004ж. IV тоқсанда бұл туралы 33%, 22% және 39% хабарлады). Осылайша, жүк айналымы көлемін бағалауды өзгерту балансы ағымдағы тоқсанда (-17)%-тен (-8)%-ке өскен. Жүк айналымы көлемінің кемуін 2004ж. IV тоқсанымен салыстырғанда сауалнама жүргізілген мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар басшыларының көбі байқаған. Сондай-ақ мемлекеттік емес меншіктегі және басқа мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындарда жүк айналымы көлемінің артуы байқалған. Жүк тасымалдау. 2005ж. І тоқсанында 2004ж. IV тоқсанымен салыстырғанда, көптеген респонденттердің бағалауы бойынша, сауалнама жүргізілген кәсіпорындарда барлық қатынастардағы жүк тасымалдау көлемінің артуы байқалған. Мысалы, барлық қатынастардағы жүк тасымалдау көлемін бағалауды өзгерту балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда (-14)%-тен (-8)%-ке өскен. Жүк тасымалдау көлемінің кемуін мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар басшыларының көбі байқаған. Жолаушы айналымы. Сауалнама жүргізілген кәсіпорындар басшыларының жартысынан көбі (54%) жолаушы айналымы көлемінің 2004ж. І тоқсанымен салыстырғанда өзгермегендігі туралы хабарлаған, 14% — өскендігін және 20% — олардың кемуі туралы хабарлаған (2004ж. IV тоқсанында бұл туралы 53%, 



Скачать