Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы


Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.) КІРІСПЕ Жұмыстыңжалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласыныңнарықтық қатынастарға көшуге байланысты оныңжаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оныңжетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды. Зерттеудіңөзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздіңтәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардыңмаңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселеніңөзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздіңнарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс». Қазақстанныңхалық шаруашылығыныңеңнегізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оныңмаңыздылығы – еңалдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығыныңеліміздіңэкономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуыныңдеңгейі көбінесе елдіңэкономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанныңауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқыныңжартысына жуығыныңәлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығыныңда шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасыныңшешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудыңүш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздыңнегізін құрайды. Ауылдыңәлеуметтік жағдайын, тұрғындардыңтұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенініңдамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудіңбіртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтыңтұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздіңқайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардыңөзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардыңарасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар [2]. Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарыныңөмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметініңҚазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудіңзорлыққа негізделген концепциясыныңжарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманныңталабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтыңорнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соныңішінде еңалдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтыңмына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздіңөмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздыңқазіргі ерен ынтасын түсінуге болады» [3, 3-б.]. Өтпелі кезеңніңзардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстыңтабиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентініңеңбектерінде, түрлі Заңжәне атқарушы органдардыңкүнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасыныңмаңызды және өмірлік қажет саласыныңәлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланыңтұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тыңөзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңніңкелеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардыңқалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардыңішкі құрылымыныңерекшеліктерін, аграрлық қатынастардыңнегізі болып табылатын жер қатынастарыныңқалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оныңауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесініңнәтижелерін, орталықсыздандыру саясатыныңауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдыңәлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптыңөзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген еңүлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешенніңдамуыныңтұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заңаясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздіңауыл шаруашылығы саласыныңалдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси, экономикалық, идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл шаруашылығы экономикасыныңдаму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық сектордыңоныңерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға тәуелділігі бұл сала үшін ерекше аграрлық қатынастардыңтән екендігін көрсетеді. Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек қатынастарын күйретіп, дағдыларын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды көздейді. Міне, сондықтанда нарықтық қатынастарға өту жағдайында, аграрлық саладағы шаруашылық жүргізудіңжәне меншіктіңкөптүрлі формалары – аграрлық нарық қалыптасуыныңжалпы экономикалық алғы шарты деуге болады. Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл процессте ауыл шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі таңда ауылдыңәлеуметтік-экономикалық дамуыныңнегізгі бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Біздіңзерттеу жұмысымыз, міне осыны көздейтіндіктен де өзекті. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаныңнәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудіңжүйелі тәсілі оныңсонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардыңдамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудіңбіртұтас құрамдас бөлігі. Міне, осыныңбәрі де біздіңзерттеуіміздіңөзектілігін және ғылыми жұмысымызды тереңталдауды талап етеді. Зерттеудіңзерттелу деңгейі. Бүгінде еліміз ауыл бағдарламасында көрсетілгендей, дамыған елдердіңаграрлық салада қол жеткізген тәжірбиелерініңсаяси-экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдарына сәйкес, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудыңеңбасты іс-шараларын нақтылау міндетін қойып отыр. Қазақстанныңауыл шаруашылығыныңтарихына көптеген жұмыстарда үкіметтіңжекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер қарастырылған. Мәселен, республиканыңаграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысыныңдаму тарихына арналған Б. Төлепбаевтың, М. Кенжебаевтың, Г Халидуллин, Р. Исатаевтыңғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісініңдаму мәселелері тек 1980 жылдардыңаяғына дейінгі кезеңді қамтыған. Зерттеу тақырыбыныңтолық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдыңәлеуметтік – экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік. Қазақстанныңаграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардыңбірі – деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның“Аграрная политика тоталитарн 



Скачать