Ынталандыру процесі
Ынталандыру процесіЫнталандыру процесс ретінде бірінен-кейін бірі жалғасатын алты сұрақ түрінде қарастырылуы мүмкін. Бірінші кезең-қажеттіліктің пайда болуы. Қажеттілік адам бірдеменің жоғын сезген уақытта пайда болады және адамнан оны жоюға шешім қабылдауды талап етеді. Қажеттіліктер әр түрлі болады:физиологиялық,психологиялық,әлеуметтік. Екінші кезең-қажеттілікті жоюға жолдарды іздеу. Егерде қажеттілік пайда болса және адам үшін мәселелер туғызса,ол оны жою мүмкіндіктерін іздей бастайды:қанағаттандыру,басып тастау,бірдеме қабылдау қажеттілігі туады. Үшінші кезең-іс-әрекеттің мақсаттарын анықтау. Адам қажеттілікті жою үшін қандай тәсілдермен не істеуін,неге жетуін,не алуға есепке алып отырады. Бұл кезеңде төрт жағдайдың байланысы жүзеге асады:
Төртінші кезең-іс-әрекертерді іске асыру. Бұл кезеңде аз қажеттілікті жоюға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін күш-жігерді жұмсайды. Себебі жұмыс процесі ынталандыруға кері әсер етсе,онда іс-әрекетті бұл кезеңде іске асырғанда мақсаттардың реттелуі жүруі мүмкін. Бесінші кезең-іс-әркеттерді іске асырғаны үшін сыйлық алу. Белгілі жұмысты жасағаннан кейін адам не қажеттілікті жою үшін бірдеме алады,не не өзі қалайтын объектіге айырбастай алатын нәрсені алады. Бұл кезеңде іс-әрекеттерді іске асыру қандай нәтижеге жеткендігін анықтайды. Осыған байланысты ынталандырудың іс-әрекетке не күшеюі,не сақталуы,не әлсізденуі мүмкін. Алтыншы кезең-қажеттіліктің жойылуы. Қажеттілікпен шақырылатын күш салуды алып тастау дәрежесіне байланысты. Қажеттілікті жою қызметке деген ынтаның әлсізденуі немесе күшеюін ынталандыруына байланысты адам не жаңа қажеттілік пайда болғанша іс-әрекетін тоқтатады,не қажеттілктерді жою үшін мүмкіндіктерді іздеп және іс-әрекеттерді іске асыруды жалғастырады. Скачать |