Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)


Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)

 

 

Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар, иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін иеленушілер — бұл әлеуметтік топтар, олар бip-бірінен мынадай белгілермен ерекшеленеді: мүліктік, табыс, кызметі мен түрлері, мамандығы, салалық және аймақтық қызығушылығы. Бұл-жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұсақ және ipi кәсіпкерлер, басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әр қайсысының өз әлеуметтік-экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару билігі тетігін құрады.

Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш тармақтан құралған, олар: Президент, Үкімет, олардың сот органдары және Ұлттық банк. ЭМР өз қолдарына алатын федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет болды. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет пен арадағы тариф келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары және атқару биліктері өкілдерінен органдар құрылады. Экономика Министрлігі және кәсіпкерлердің салалық одақтарын жеке салаларын қолдау және дамыту жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады. Олар кеңесшілдік қызметті жүзеге асырады және мемлекеттік экономикалық саясатқа (МЭС) ықпал етеді.

Мұндай органдарға үкімет экономика, қаржы, әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік экономикалық саясаты Орталық банк сарапшыларының әр алуан кеңестері т.б. жатады. Олардың ұсыныстары (МЭС) бағдарлауға, бюджеттен және әртүрлі қорлардан қаржы жұмсау бағыттарына жатады.

ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы қатынас мыналармен айқындалады:

- шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен;

- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылуының өсуімен;

- қалыпты төлемқабілетті баланспен;

- инфляция қарқынының төмендеуімен;

- халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен;

ЭМР жетістігі сондай-ақ кәсіподақ шерулерімен, қақтығыстардың азаюымен, МЭС бағасымен, сайлауды реттеудің мемлекеттік шараларын қолдауынан көрінеді. Ол үшін ЭМР органдарында сауалнамалар көмегімен жүргізілген реттеу шараларында шаруашылық субъектілері ic-қимылының болжамдары мен жедел ақпараттар болуы тиіс.

ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісін кейбір кемшіліктері болғанымен, ол, экономикалық мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және ғылыми әлемде,сондай-ақ мемлекеттік аппаратта болып саналады.

Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын «ойын ережелерін» белгілейді, жеке үкімет нарықтық субъектілерінің бipi болып шығады, яғни ұлттық мүддені қолдайтын белсенді мемлекет ретінде әрекет жасайды.

 


Скачать